Get Mystery Box with random crypto!

Жатақханаға өзіңізбен қандай керек заттарды алып бару керек | SLIV/UBT

Жатақханаға өзіңізбен қандай керек заттарды алып бару керек

Тәжірибелі ЕНУ студенттері жатақханаға керекті заттардың тізімін дайындаған.

1. Төсек-орын тысы (бірнеше төсек жиынтығы болған жөн)

2. Ыдыс-аяқ
Жатақханаларда ыдыс-аяқ жоқ, сатып алмау үшін өзіңізбен бірге алыңыз. Тәжірибие бойынша 1-2 табақ жеткілікті, шанышқы, қасық, пышақ, кружка. Сонымен қатар сорпаға аналған кәстрөл, палауға арналған қазан,cковородка(табаға). Айтпақшы, үлкен сковородка(табаға) қазанды алмастыра алады.

3. Тәпішке
Бағыңыз жанып бөлмедегі көршіңіз тазалық сақтаса, тамаша. Бірақ, тазалықтан бұрын, тәпішке жай ғана аяғыңызды жылуда ұстап, ауырып қалмау үшін қажет.

4. Жеке гигиенаға қажетті заттарды салып қоятын қол сөмке
Өз мочалкаңыз, тіс щеткаңыз, душқа арналған гель, сусабын, сүлгі және т.с.с.

5. Ақша (5000-7000)
Сонымен қатар тұрмысқа қажетті шелек, сыпырғы, кіржуғыш ұнтақ пен шәйнекті бірге тұратын руммейтңізбен сатып аласыз.

ШӘЙНЕК ЖАЙЛЫ АЙТПАҚШЫ
Жатақханаларда электр шәйнегін, шырын сыққыштар, блендерлер сияқты тұрмыстық техниканың, сондай-ақ шаш кептіргіштің, бұйралағыштың(плойка) болуына қатаң тыйым салынады (телефон/ноутбуктың зарядкасын алуға болады). Олар тауып алған жағдайда, алып қояды. Қатты қажет болса, көзге көрсетпей қолданасыз:)
Себеп: сіздің кесіріңізден өрт өршігуі мүмкін немесе келісім шартта сондай қағида бар.

Тұрмыстық шпаргалканы қолданып, тыныш өмір сүріңіз.

#полезное_studenu

https://t.me/stud_enu