Get Mystery Box with random crypto!

Кеше бензин құюға бардым. Сөйттім де 'үшінші калонка 3 мыңға 9 | Шылғау

Кеше бензин құюға бардым. Сөйттім де "үшінші калонка 3 мыңға 92 беріңіз" дедім.

Бетіме бажырайып тұр. Орыс әйел. :Төрт мыңға ма, қай колонка?" дейді орысша. Түсінбей тұрғанын бетінен оқып тұрмын. Сонда да қазақша қайта бір рет қайталадым. "Түсінбедім" деді орысшалап. Мені өзінше көзге ілгісі келмей тұр, әкең.

Үшіншә рет менде екпіндеп қайталадым қазақша. Анауың, күзетте жүрген қазақ шалды шақырды. "Аударшы, мынау не дейді?" деді.

"Аударма, бұл қазақша жауап беруі керек. Мен орысша білмеймін емес, қазақша қызмет көрсеткенін қалап тұрмын" дедім, орысшалап. Орыс әйелдің түрі ағып кетті.

Біраз адам тұрмыз. Бәріміз қазақпыз. Екеуі ғана орыс. Менде сәл арқаланып алып, өктем сөйледім. Мен клиент екенімді, мен қай тілде сұрасам сол тілде қызмет көрсетуі керегін айттым.

Басында паңданып тұрған, апм түрі сәл нетіп қалды. Кірпіктері төменге қадалып, жанары ер шұқылап кетті әкең.

"Бар өмірім осында өтті..." деп бірдеңе дейді. Әкең қызы-ай, өмір бойы қазақша хотя бы 3ке дейінгі санды білмейді.

Кімнің сорлылығы? Орыс әйелдің ба?

Жоқ, біз ол сорлы. Орыс көрсек иесін көрген құлша елпектеп кетеміз. Соның үйінде жүргендейміз. Сол түсінбей қалмасын деп бұралып орысшамызбен міңгірлейміз келіп.

Біз әлі санада қүлмыз. Құлмыз. Құл ғана иесінің тілінде сөйлейоеп оған жағымпазданады.

Өз елімізде, өз тілімізде сөйлей алмаймыз. Өз тілімізде талап ете алмаймыз. Сорлылық қой әкең.

Заман өзгерді. Сен басқа ұрпақ екеніңді түсінуің керек. Сен өзгенің еліне бодан еместігіңді ұғын. Сенің иең жоқ. Сен тәуелсізсің. Санаңды да тәуелсіз ет.

Қазақша сұраған ыңғайлы ма, сұра. Сенің құқың бар. Заңды да былай да.

Біз қоғамды өзгерте аламыз. Өзгертуіміз керек те. Біреу ұлтшылдық, орысша да сөйлей бер. Ол байғұс қазақша білмейді ғой дер.

Қыртпасын.

Біз орысша үйрендік қой. Неге олар тырыспайды? Өмір бойы осы елдің суын ішіп нанын жейді, неге тіліне, жердің иесіне құрметпен қарамайды? Қарауы керек.

Сенде еңсеңді көтеріп жүр. Шаңырақтың иесі өзің екеніңді, жер сенің бабаңнан қалғанын сезін. Алшаңдап бас әкең. Саған жарасады. Қазақтың тілі де, ділі де сенікі.

Бабаңнан саған қалған аманат. Сөйле. Сезін. Саған ең ыңғайлысы да осы тіл.

Өйткені ол тегіңмен беріліп, алпыс екі тамырыңды аралап ағып жатыр.

Солай, Джони