Get Mystery Box with random crypto!

Жезөкшелікке сәл қатысы бар әңгіме. Бүгінгі күнге дейін Ауған | Шылғау

Жезөкшелікке сәл қатысы бар әңгіме.

Бүгінгі күнге дейін Ауғанстан мен Пәкістан жерінде "бача бази" деген ұғым бар. Қазақшасы "билейтін жеткіншек". Яғни 10-18 жас аралығындағы ұл балалар әйел киімінде би билеп, ерлердің көңілін көтереді.

Әйелдің киімінде киініп алып билейтін балалар таливандардың жеңісінен кейін тіптен көбейіп кеткен.

Шындығында олар тек әйел киімінде билеп қана қоймайды, жыныстық қатынасқа да түседі. Әйелдердің бәрін орап қымтап үйге тығып қояды да, өздері биші баланың биін тамашалауға келеді. Ауғандарда "Әйел бала табу үшін, ал бала (жеткіншек) лаззат алу үшін" деген тәмсіл бар.

Бірақ екінің бірінде бача бази ұстауға қаталары көтермейді. Көбіне байлар, кедейлердің балаларын сатып алып бача бази қылады. Өз әйелі болса да, бача базимен көңіл көтеру қалыпты жағдай саналады.

Жасөспірімдермен кңіл көтеру жиырмасыншы ғасырға дейін өршіп тұрған. Осман империясында олар "телак" деп аталатын болған. Олар хамамда байлардың денесін жуып, массаж жасап оргазмға дейін жеткізетін болған. Егер көпеске ұнап қалса, телакты иесінен сатып алады, болмаса хамамға жиі келіп сол баламен лаззатқа бөленіп тұратын.

Жалпы ислам мемлекеттеріндегі гомосексуализм мен педофилизм туралы ұзақ әңгіме айтуға болады.

Тек сәл кейін...

Солай, Джони