Get Mystery Box with random crypto!

Жоғарыдағы пікірге қатысты. Үшінші курс оқып жүрген жылы 'Қаз | Шылғау

Жоғарыдағы пікірге қатысты.

Үшінші курс оқып жүрген жылы "Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру керек" деген кішігірім зерттеу жұмысын жасағанмын.

Сол кезде бір қызық жағдайға тап болдым. Зерттеу болғасын бәрімен сөйлесесің. Жезөкшемен де, сутенермен де, оны сыртынан қарап отыратын жігіттермен де. Тіпті крышавать ететіндерді де іздейсің.

Сөйтіп сұхбаттасатын жезөкше іздедім. Бәрі басын ала қашады. Боқтайды. Сөйтіп жүріп ақшасына бір қызды таптым. Бірақ ол кезікпейтінін. Тек телефонмен сұрақтарыма жауап беретінін айтты.

Басында шыны керек іштей өзімше кісі болып отырдым. Оған өзім оқыған бірлі жарым статистикамды айтып, заңдастырудың жақсы жақтарын түсіндіріп отырмын. Сосын негізгі сұрағымды қойдым.
"Сіздерге заңды түрде рұқсат берсе қалай қарайсыз? Бәрі ашық. Салық төлейсіз. Ай сайын тексерістен өтіп тұрасыз. Қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз қамтамасыз етіледі" дедім.

Сосын ол "Інім тыңда. Сенің оқығандарың бер жағы. Сен Бангладештегі жезөкшелікті заңдастыру әрекеті, Германиядағы заңды жұмыс істейтін жезөкшелер үйі туралы оқыдың ба?...." деп біраз статистикамен әңгіме айтты.

Құрсын. Өзімше осыны зерттеген боп жүрген мені екі үш орайтын әңгіме айтты. Сол кездегі таңқалысымды әлі жасыра алмаймын. Сондай мәдениетті әрі білімді адам екені байқалады.

Сосын әңгімені сәл өзіне қарай бұрып біраз сөзге тарттым. "Алматыда магистратураны бітірген екен. Соңғы үш-төрт жыл Англияда жұмыс істепті. Жезөкше болып емес. Кәдімгі жұмыс. Сомен Қазақстанға қайтып келгесін документтерін жоғалтқан. Енді қайтадан құжат істетіп, Еуропаға кету үшін "басқа амалым болмады" дейді.

Соңында жезөкшелікті заңдастырамын дегенді қой. Оның ешкімге пайдасы жоқ. Жезөкше саны одан әрі өсіп кетеді деді.

Бұл 2019дың жаңа жыл кезі еді. Сол жылдың 20шы наурызында "магистрант жезөкше" Данияға ұшып кетті...

Солай, Джони