Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін алғаш рет шіркеудегі жексенбілік ритуалға қатыстым. Ерек | Шылғау

Бүгін алғаш рет шіркеудегі жексенбілік ритуалға қатыстым. Ерекше сезім. Қандай діннің құлшылық орыны болсын. Бәрінде энергия бар. Сезіледі. Адамдардың энергиясы сезіледі.

Православ шіркеулеріне келетіндердің арасында жастар жоқтың қасы. Басым бөлігі кемпірлер.

Мешіттерде керісінше. Жасы үлкендер аз барады. Негізгі салмақ жастарда.

Соңғы жылдары жастардың жаппай дінге бет бұруы байқалады. Оранғандар да көбейді. Оранбаған күннің өзінде құндылығы діннің төңірегінде қалыптасқан бір буын пайда болды.

Меніңше бұл жақсы емес.