Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда біздің ауылда да Қозы мен Баянның оқиғасы болып еді. | Шылғау

Баяғыда біздің ауылда да Қозы мен Баянның оқиғасы болып еді.

Бастауышта оқып жүрген кезім. Жиырмаға енді ілінген екі жас отау құрмақ болды. Жүздері жайнап, жарасып ақ тұр.

Үлкендердің алдынан өтіп еді "болмайды да болмайды" деп тік шапшыды. Екі жақтың да туғандары қарсы болды. Екеуін емдетпекші де болды. Сөйтсе...

Екі міскіннің қан ағайындығы бар екен. Әйтеуір бір қаншасыншы атадан бірігеді екен.

Әрі жалынды, бері жалынды ешкім ыңғай танытпады.

Жаздың кезі еді. Кешқұрым бүкіл ауыл у-шу болып кетті. Екеуі өліпті. Құшақтасып өліпті...

Ауылдың шетінде көл бар еді. Екеуі арқанға оралып секіріп кетіпті.

Кім біліпті... Әркімнің өзі сенген шындығы бар.

Жап жас екі тағдыр топыраққа айналып кете барды. Кімнен нені ұтты? Кімге нені дәлелдеді? Белгісіз...

Бәлки, бұны біреулер махаббат үшін құрбан болу деп атайтын шығар...

Солай, Джони