Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі күннің ең ұнаған бес сәтін жазайыншы (Негізі бұл Achi | Shuakh

Бүгінгі күннің ең ұнаған бес сәтін жазайыншы
(Негізі бұл Achiever клубының ертеңгі тапсырмасы, бірақ мен бүгін де орындаймын )

Жаңа кітап бастадым және ол соңғы кезде маған өте өзекті боп жүрген мәселеге қатысты екен! бАсв ұнап жатыр, әсіресе "Мен" образы туралы тұстары санама бірден жетті.

Клубымыз жұмысын бастады «Қош келдіңдер!" деген алғашқы хабарламаны жазу сәтінде қатты ішкі қуаныш сезіндім. Бұл да менің талайдан ойда жүрген ісім еді ғой... Танысу күні сәтті өтті, енді алда тонуста ұстайтын тапсырмалар

Таңғы ас IL POINT мейрамханасында тамақтандық, астан да, атмосферадан да прям наслаждение алдым. Алматыны сағынып қалғам ба?)) Шүкір.

Продюсерліктегі шәкіртімнің бағдары анықталды. Ең дұрыс, ең пайдалы кеңес бергенімді сездім Дәл осы нишада ситуацияны кеңірек көре алатын эксперттігім қалыптасқанын өзім байқаған сәт болды.

Жаңа идеялар, жоспарлар пайда болды. Ертең көөөп сториз пырылдатам-ау)

Бүгінгі күннің қай сәті есіңізде қалды?