Get Mystery Box with random crypto!

Өсек, бері жақындаңыз)) ... Өзімде де дәрігер бар ғой дәрігерм | Shuakh

Өсек, бері жақындаңыз))
... Өзімде де дәрігер бар ғой дәрігермен бірге детокс жасайтын болсам)) @doctor_smanova сияқты туған проектім тұр емес пе Осыны есіме салғандарыңызға рақмет

Негізі бүгін дәл осы проект мені шаршатты. Жалпы, дәрігерлік жобаларды жүргізу өте ауыр болады. Өңкей ауру-сырқау жиналған жерде қайбір көңілкүй бола қойсын. Әсіресе бас кезінде.
Бүгін "Анти-эйдж" чаттарының бірінен бір ханым шығып кетті. Оның алдында "енем курсқа қатыспа деп ұрсып жатыр" деген. Жарайды, шыққан адам шықты, артынша басқа бір қатысушы "Пәленше ханым шықты ма?" деп сұрайды)) Енді сол кісі шыққаны көрініп тұр, тағы сұрау - ары қарай соны талқылауға, әңгіме қылуға ұмтытыс қой. Мен ондайды бірден тыятын тікбақайлығым бар емес пе(
- "Оның сізге қатысы жоқ, кураторлар жағдайды анықтайды" дедім. Ана кісі:
- "Неге ұрсуға дайын тұрасыз" деді)) Мен бұл ұрсу емес, чат әңгіме-дүкенге арналмаған, денсаулыққа қатысты сұрақтар, докторға сұрақтар, меню, тб талқылаймыз, бірақ біреуді талқыламаймыз, жалпы ондай басы артық әңгіме, өсек-аяң керек емес. Топтың ережесін сақтайық, дұрыс түсініңіз" деп енді аудиомен жауап бердім.
Сөйтсем енді бұл апам чаттан шығып кетеді ғой
Негізі күшті нәтиже көріп, мәз-мейрам боп жүрген кісі. Содан қайта кіреді. Қайта шығады. Бір қарасам қайта кіріпті))

Тағы бір чатта бір қатысушы " пәлен фермент қайдан, детокстың екінші фазасы туралы тағы сұрағым бар" деп қоймайды. Негізі курс нәтижесіне түк қатысы жоқ артық сұрақтар бұл да. Тып-тыеыш қана тағайындаманы орындасаң - сол нәтиже болады. Бірақ мына кісі сабақта ананы түсінбедім, мынаны тағы айтыңызшы деп тықақтап барады. Бұ кім екен деп парақшасын қарасам, өзі нутрициолог Ну зашееем дейм да))
Тағы біреулер отыр, бір курстан бүкіл үрім-бұтағының ауруларын емдеп алуды көздеп
Опшым адам деген қызық)) Кейде жыным келед. Бірақ осы курсқа дейін жетіп, ізденіп жатқандарын айтсаңды деп ойлаймын да, осы құж-құж қайнап отыратын пациенттерімізді жақсы көріп кетем еще))