Get Mystery Box with random crypto!

​​Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Түс оны жорымайынша құстың а | Сезімнің сұлу сырлары 💕

​​Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Түс оны жорымайынша құстың аяғына ілінген жай ғана зат секілді тұра береді, ал жорыған соң ол міндетті түрде орындалады»
(Әбу Дәуд 5020, Ибн Мәжаһ 3914)

⠀@sezim_kz
Имам әл-Хаттаби: “Бұл мысалдың мағынасы түсті қалай жорысаң, солай болады дегенге саяды», - дейді.
(“Ма’әлим әс-Сунан” 4/140)

Ал сахабалардың бірі Әнас (р.а) Пайғамбарымыздың ﷺ былай деп айтқанын жеткізген: «Түсті қалай жорысаң, солай орындалады. Сондықтан егер түс көрсеңдер, оны ешкімге айтпаңдар. Немесе жөн-жосықты білетін білімді адамға ғана айтыңдар»
(әл-Хаким 4/391)

Айша анамыз (р.а) өзінің басынан өткен мына бір жағдайды еске алып былай дейді:
«Мәдинада тұратын бір әйелдің күйеуі саудагер еді. Ол сауда-саттық жасап, басқа қалаларға сапарлап кететін. Бір күні әлгі әйел Пайғамбарға ﷺ келіп:
- Менің жолдасым сауда жасау үшін сапарға шығып кетті. Ал өзімнің аяғым ауыр. Бүгін түсімде үйімнің табалдырығы сынғанын және іштегі баламның бір көзді болып туғанын көрдім. Бұл нені білдіреді, уа, Алланың Елшісі? – деді. Бұған Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла қаласа, сенің күйеуің тура жолды ұстанып, мол несібемен оралады және көп ұзамай балаңды да аман-есен бауырыңа басарсың», - деп жауап берді. Әлгі әйел бұл түсті бірнеше рет қайталап көрді. Бәрінде де Пайғамбарымыз ﷺ оған сол жауапты айтып шығарып салды. Көп ұзамай шынында да күйеуі ұзақ сапардан аман-есен оралып, ол баласын дүниеге әкелді.

Арада бірнеше жыл өткенде әлгі әйел сол сипаттағы түсті тағы да қайталап көрді. Бұл жолы да күйеуі алыс жолға шығып кеткен еді. Пайғамбарымызды ﷺ өз орнынан таппаған ол түсін маған айтты. Мен тыңдап болып, аз ойландым да:
- Күйеуің көп ұзамай дүние салады, - дедім.
Мұны естіген әйел жылап жіберді. Осы кезде Алла Елшісі ﷺ келіп не болғанын сұрады. Мен болған жайды айтып едім, Пайғамбар ﷺ: «Бұлай деме, о, Айша! Егер бауырларыңның түсін жоритын болсаңдар, оны өте кемел, жақсы түрде орындаңдар. Себебі, түсті қалай жорысаңдар, солай орындалады», - деді.
(әд-Дарими 2/131)

Демек, бұдан шығатын қорытынды, түс көрген адам онысын жөн білетін білімді адамға ғана айтуы керек немесе ең дұрысы, көрген түсін ешкімге айтпай, ішінде қалдыруына да болады. Сол кезде жаман түстің кесірі ешкімге тимейді.