Get Mystery Box with random crypto!

​​ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) РОМАНТИКАЛЫҚ ӨМІРІНЕН БІР ҮЗІК СЫР... | Сезімнің сұлу сырлары 💕

​​ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) РОМАНТИКАЛЫҚ ӨМІРІНЕН БІР ҮЗІК СЫР...

Әйелді еркелету, оған еркелеу әдісі...

Алла Елшісі (ﷺ) Айша анамызды «Аиш» немесе «Хумейра» деп атаған екен. Аиш дегені – «өміршең» дегені. Ал «Хумейра» дегені – қызыл өңді дегені. Жүзі қызғылт болғандықтан, осылай еркелетіпті.

Еркелету – нәзік жанның «осал» тұсы... Еркелету – босаңсытып жіберу емес. Керісінше, сезімін оятып, сүйіспеншілігін күшейту. Пайғамбарымыз (ﷺ) жарын еркелететін әрі оған еркелейтін.

Болашақ қалыңдыққа үйлену алдында оған неше түрлі «тәтті» сөздер айтып, сезімдерімізді білдіретініміз өтірік емес. Ал отау құрғаннан кейін «жаным», «асыл жарым», «сүйіктім», «сүйкімдім» деген «тегін» сөздерге сараң боп қалатынымыз түсініксіз... Неге? Өйткені, сезімді өшіретін де өсіретін де өзіміз екен...

Кейде бір ауыз жылы сөздің өзі шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасының берекесін арттыратыны ақиқат. Керісінше, бір ауыз сөз жүректерді суытады.

Жарыңды жақсы көретініңді жария айту.

Сахаба Амр ибн әл-Ас Алла Елшісінен (ﷺ): «Ең жақсы көретін адамыңыз кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап беріпті.

Әйелімізді жақсы көретінімізді өзгеге айту былай тұрсын, кейде өзіне айтуға «қысылып», сөз «шығындауда» сараңдығымыз жібермей қалатынын несіне жасырайық?!

Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Алланың Елшісі! Мені қаншалықты жақсы көресіз?» – деп сұрайды. Сонда ол (ﷺ): «Мықты түйін мен жуан жіп секілді», – деген жауап қайырады.

– Уа, Алланың Елшісі! Сіздің түйініңіздің жағдайы қандай деңгейде?

– Ол өз орнында.

Осыдан кейін олар бір-бірінің сұлулығын сипаттайтын өлең-жырлар айтатын. Ауыздары берік болса да бір-бірін сүйіп, жүректегі шынайы сезімдерін білдіретін.

Пайғамбарымыз (ﷺ) бір күні Айшаға Умму Зарр туралы хикаяны баяндап, сөзінің соңын: «Умму Зарр Әбу Зарр үшін қандай болса, сол секілді сен де маған сондайсың», – деп аяқтайды. Күйеуінің бұл сөзіне орай өзінің де терең махаббатын білдірген ол: «Сен мен үшін Әбу Зарр Умму Заррға қымбат болғаннан да қымбатсың», – дейді. Бұл – «сіз мені жақсы көргеннен де қатты жақсы көремін» дегені.
@sezim_kz