Get Mystery Box with random crypto!

Жолдасыңа әзілің өтсе, ойың ұнаса мәз болып қаласың ғой. Өйтк | Sakenkyzy

Жолдасыңа әзілің өтсе, ойың ұнаса мәз болып қаласың ғой. Өйткені адам өзіне абырой көретін кісінің өзіне деген ойын, күлгенін маңызды санайды. Мен көп ішкі ойларымды тек жолдасыма айтамын. Өйткені ол кісі мені жақсы таниды, сөздерімді кемшілік іздеумен емес, шын жақыны ретінде тыңдайды. Басқа адамға ойларыңды айтайын десең басқаша ойлап қала ма, дұрыс түсінбесе ше деп айта бермейсің. Күйеуің қателігіңді ашық айтса да ренжи бермейсің, өйткені ол сені қаралау үшін емес, дұрыс ниетпен айтқанын түсінесің. Бойдақ кезде “жақсы көру” дегенді тек тіке мағынада түсінеді екенсің. Ал отбасы құрған соң жақсы көрудің көп мағынаны қамтитынын түсінесің. Жақсы көру - ыстық сезім, алыстаса сағыныш, ауырса жанашырлығың, ол күлсе қуануың, мұңайса жұбатуың, аяласа еркелеуің, қиыншылық болса сабыр етуің, кемшілік кетсе кешіруің, сені кешірсе бағалауың, бұйырса бағынуың, қабағына қарауың... (Екінші әйел алам десе қызғануың )