Get Mystery Box with random crypto!

Бақытбай Сабырбеков 😎

Telegram арнасының логотипі sabyrbekovb — Бақытбай Сабырбеков 😎 Б
Telegram арнасының логотипі sabyrbekovb — Бақытбай Сабырбеков 😎
Арна мекенжайы: @sabyrbekovb
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.55K
Арнадан сипаттама

🚀 30 күнде 100 млн табу реально ма? Маған да қызық!
✊🏻МЕН ЖАСАЙМЫН! Сен просто қайтала!
👌🏻Парақшаға тіркел және эфирлерді жіберіп алма!

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-11-23 17:41:58 35 МЛН ТҰРАТЫН ҚАТЕЛІК. 2-бөлім.

Құдайдың рөлін сомдаған Бақытбай.
Кешегі постта жазғанымдай мен барлығын құтқаруым керек деген ниетпен іске кірісіп кеттім. Негізі біреу қадалып жатса немесе қиналып жатса, демек ол үшін бұл тиімді, хайырлы ғой. Және ол адамның сол жағдайда болуы да Құдайдың қалауымен.

Ал мен Құдайдың қалауына қарсы шыққандай болыппын. Қазір сол үшін қатты өкінемін. Сол кездегі ниет пен позиция қалай ақталсам да осындай еді. Ақыры әрекетке көштім. Берекелі табыс әкеліп тұрған, өзіме ұнайтын, жаныма жақын және ең бастысы қаншама адамның өмірін, өзін, көзқарасын, табысын өзгерткен ОНЛАЙН ПРОЮСЕР курсын тоқтаттым. Ары қарай …..

Барлығын құтқарады деген БИЗНЕС ТАТИКА курсын шығардық. Ішінде қай салада болсын бизнес бастауға болады, 3 факультеті бар, профориентологы бар, ауқымды курс жасадық. Без отказно барлығына әсер етеміз. Барлығын құтқарамыз деген іштегі сезім өртеп барады. Бірақ сол көз байланған күйде үлкен қателік жібердім……

Негізінде маркетингте өнім таңдарда: ол түсінікті, нақты бір аудиторияның нақты бір проблемасын шешу керек. Сол кезде өнімді өнідіру де, сату да өте жеңіл болады. Бір өнім = бір шешім!

Ал “Бизнес тактика” адамдарға түсініксіз, не екені, не туралы, жеткізілуі қиын, барлығына арналған и барлық проблеманы шешеді және сатылуы да қиын. Байқап тұрсыз ба қандай фундаментальный қателік жібергенімді? Курс таңдау, дайындаудан плотно қадалғанмын ғой сол кезде .

Мен маркетлог ретінде осыны аңғаруым керек еді. Бірақ мен СПАСАТЕЛЬ болып ішкі хәлімнің салдарынан көзім байлаулы еді. Мас адам сияқты тек өз идеаямды ғана көрдім.

Қазір шүкір, Спасатель рөлінен шығуды үйрендім, және курсты дұрыс таңдаудың технологиясын еще тереңірек түсіндік”. Онлайн продюсер 2.0”-ге осыны фундамент ретінде алып жатырмын. Треугольник Карпманаға түспеуді, түссең шығуды, курсты дұрыс таңдаудың технлогиясын. Менің қателігімді ешкім қайталамасын деп.

Білесіз бе? “Бизнес тактика” курсына сонда да сатылым жасадық қой. Алғашқы 2 лекті спокойно жинап алдық. Бірақ күшпен, мықты прогрев жасағанның арқасында және өз аудиториямнан. Ал уже суық аудиторияға келгенде плотно қадалдық. Кейін прогрев стастистикасына қарасам, тоже қадалғанбыз…..

Негізі сол прогревте 100 млн жасауға болатын еді аудитория охватын есептесек, біз тек оның 50% орындадық. Ол да мықты нәтиже дегенмен. Сатуға келгенде біраз қателіктер болды ғой ол туралы ертең айтамын…

Бірақ балық басынан шіриді демекші, ниеттен қателесіп бастау алған жұмыс дұрыс бола ма? Мен дәлелмін дұрыс болмайтынына. Қанша жерде мықты курс жасасақ та, ішіне қаншама мықты ақпарат енгізсек те бәрібір сатылмады. Зум разборлар, наставник, круатор, офлайн сабақтар, онлайн сабақтар, мастер майндтар - бәрі болды. Тіпті адамдар бірінші сабақтан-ақ ақша тауып кетті. Демек мәселе курсты біз дұрыс сата алмағанымызда, инструментте шығар деп маркетинг пен сату бойынша білімімді одан сайын тереңдеттім.

Прогрев дұрыс емес шығар деп, америкалық запусктерді, орыстардың прогревін толық зерттеп шықтым, қайта жасадым, атпады! Мен ол кезде мәселе ниетте екенін білемедім ғой. Есесіне прогревтің жаңа елімізде жоқ бірнеше сценрийін үйреніп алдым.

Вебинар атпады, структардан кетіп жатырмын ден оны да зертедім. Тоже неше түрлі структуралар тауып алдым. Бәрібір нәтиже жоқ. Ол кезде де ниеттен кеткенімді білмедім…

Бұның барлығы мені одандэ да көбірек жұмыс жасауыма алып келді. Демалыс, ұйқы дегенді демалысқа шығарып жібердім . Жұмыс одан сайын көбейді, проблемалар көбейді. Бүгін сториста айтқанмын осы туралы.

Мен спасатель болып әрекет еткен соң, айналамда жертвалар көбейді. Әлем мен үшін суып кеткендей сезімде болды. Басым қатты. Енді не істеймін? “Инфобизнесте жеткен жерім осы ма сонда?” деп беріле салуға дайын едім….. Бірақ …..

Болды ары қарай бүгін айта алмаймын, ертең айтамын. Ауыр, тым ауыр!
327 views14:41
Ашу / Түсініктеме
2021-11-23 14:33:55 Ұйықтар алдында армандайтын өміріңді, бүгіннен баста!
486 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 19:31:52 Менде сұрақ?

ТРЕУГОЛЬНИК КАРПМАНА дегенді білесіздер ме? Мен содан қадалдым ғой)

Айтып берейін бе?
363 views16:31
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 17:45:55 Егер сенде бір іс қолыңнан келмей жатса, қателік болса уайымдама.

Қателік ол кінә емес, ол сенің өсу аймағың .
489 viewsedited  14:45
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 17:34:50 35 МЛН ТҰРАТЫН ҚАТЕЛІК. 1-бөлім.

Барлығы әдемі келе жатқан сәт еді. Біз ол кезде нарыққа жаңа мамандық шығарып, біраз шәкірт оқытып, қарқынды даму жолында болдық. ШТАБ біз ойлағаннан да жылдам дамыды: біз туралы барлық жерде айта бастады, айлық оборот лезде 100 млнға (тг) жетті.

Мен іштей мықты өнім жасағанымызға, нарық бізді мойындап жатқанына қатты қуандым, кейстар да көп шықты, вроде барлығы жақсы. Мен қалаған нәтиже де осы еді. Біз оған тез-ақ жетіп алдық.

Сол кездері жұмыс барысымен Нұр-Сұлтан қ-на бірнеше рет бардым. Әр сапардан мен басқа адам болып оралып отырдым.

Бірінші рет барғанда жеке коучингте оқитын шәкіртімнің жолдасымен таныстым. Ол кісі қарапайым әрі өте салмақты екен. Адам ретінде бірден ұнады. Бірақ оның өзінің қаламайтын жұмысында істейтіні, қалаған табысын таппайтыны мені қынжылтты.

Содан ол кісіге “Неге біздің онлайн продюсер курсын оқып шықпасқа?” десем, “Менікі емес” деп үн қатты. Сол кезде алғаш рет ойымда “НЕГЕ МЕН ОСЫНДАЙ АДАМДАРҒА көмектеспеймін?” деген идея туындады.

Мен уже Алматыға іштей басқа адам болып оралдым. Қазіргі жұмысым өзіме ұнамай бастады. “НЕГЕ МЕНІҢ ӨНІМІМ БАРЛЫҒЫНА КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?” деп іштей өзімді жедім.

Екінші рет Нұр-Сұлтанға барғанда қымбат қонақ үйдің бөлмесінде болған оқиғаны білесіз ғой. Қазақтың қыздары сайт арқылы “сатылып” жатқанын көргенде қатты намыстандым. Неге бұл қыздар дұрыс жолды таңдамады? Олардың дұрыс таңдауы болмаған ғой. “Мен оларға басқа мүмкіндіктер бар екенін көрсетуім керек” деген идея кетті. Тағы да Алматыға іштей мүлде басқа адам болып оралдым.
НЕГЕ МЕНІҢ ӨНІМІМ БАРЛЫҒЫНА КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?

Алматыға келе сала оқып жатқан адамдарға пайдасы тиіп тұрған, бізге де жақсы табыс әкелген сұранысқа ие курсты тоқтатуды жоспарладым. Себебі “ол барлығына бірдей көмектесе алмайды, ал мен барлығына бірдей көмектесуім керек” деп тұрып алдым. Кейін түсіндім бұл кездегі ниет көмектесу емес, ҚҰТҚАРУ еді! Ол адамдарды құтқару еді!

Бірақ менің құтқаруым оларға бес тиын және мен Құдай емес екенімді ұмыттым! Ол адамдардың өз таңдауы мен өмірі бар ғой. Ал мен болсам, “жоқ олар басқша өмір сүру керек” деп білек сыбана оларды құтқаруға кірісіп кеттім.

Психологида “Треугольник Крпмана” деген бар. (Спасетель, Жертва, Агрессор) гуглдан қарасаңыздар түсініп аласыздар, немесе сториста айтамын, стористі қараңыздар.

Қысқасы осы үшбұрышқа түсіп сол позициядан әрекет етсең нәтижесі әрқашан теріс болады. Мен қай позициядан әрекет еткенімді уже біліп тұрған шығарсыз, иә?

Барлығын құтқарамын, герой боламын . Осы позицияға түстім, соның салдарынан қарапайым дүниелерді көрмей кеттім. Қабылдаған шешімдерім тек басқаларды құтқару үшін, герой болу үшін ғана еді. Бәрін құтқармақ болдым, тек өзімді емес…..

Ары қарай вообще жесть басталды. Көзін байлап бәйгеге қосып жіберген шабандоз сияқты шауып кете бердім. Қайда?
Қалай?
Алда қандай яма бар екенін де көрмей шаба бердім, әйтеуір...

Ертең ең алғашқы үлкен қателігімді және оны қалай шешкенімді айтамын. Жалғасын күтсеңіз ПІКІР .
543 viewsedited  14:34
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 16:51:18
Бір тақырыпта пост жазып бастадым. Өте ауыр темада. Негізі көп адам бұны айта бермейді ғой. Мен айтсамба деп тұрмын.

Қызық бола ма сіздерге?
533 views13:51
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 13:58:14 Кейде қарапайым дүниелерді түсіну үшін, көөп уақыт керек.

Болды ма сондай?
241 views10:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-21 22:18:07
Мына киноны қарап шығыңыздаршы.

Болашақ осыған ұқсас болғалы тұр.
“Главный герой”
192 viewsedited  19:18
Ашу / Түсініктеме
2021-11-21 20:14:46 Сен жылдар бойы, өмірдің өзгергенін күтесің.
Ал ол жылдар байы, сенің өзгергеніңді күтеді.

Есіңде болсын дегенім ғой)
400 views17:14
Ашу / Түсініктеме
2021-11-20 21:34:52 Айтпақшы, қазір ұйықтар алдында идея келсе бірден жазып қой.

Ал таңертең, демалыс болғанына қарамастан сол жазған идеяны жүзеге асыруға алғашқы қадамды жаса.

Мен саған сенемін, қолыңнан келеді! Қайырлы түн !
285 views18:34
Ашу / Түсініктеме