Get Mystery Box with random crypto!

35 МЛН ТҰРАТЫН ҚАТЕЛІК. 1-бөлім. ⠀ Барлығы әдемі келе жатқан с | Бақытбай Сабырбеков 😎

35 МЛН ТҰРАТЫН ҚАТЕЛІК. 1-бөлім.

Барлығы әдемі келе жатқан сәт еді. Біз ол кезде нарыққа жаңа мамандық шығарып, біраз шәкірт оқытып, қарқынды даму жолында болдық. ШТАБ біз ойлағаннан да жылдам дамыды: біз туралы барлық жерде айта бастады, айлық оборот лезде 100 млнға (тг) жетті.

Мен іштей мықты өнім жасағанымызға, нарық бізді мойындап жатқанына қатты қуандым, кейстар да көп шықты, вроде барлығы жақсы. Мен қалаған нәтиже де осы еді. Біз оған тез-ақ жетіп алдық.

Сол кездері жұмыс барысымен Нұр-Сұлтан қ-на бірнеше рет бардым. Әр сапардан мен басқа адам болып оралып отырдым.

Бірінші рет барғанда жеке коучингте оқитын шәкіртімнің жолдасымен таныстым. Ол кісі қарапайым әрі өте салмақты екен. Адам ретінде бірден ұнады. Бірақ оның өзінің қаламайтын жұмысында істейтіні, қалаған табысын таппайтыны мені қынжылтты.

Содан ол кісіге “Неге біздің онлайн продюсер курсын оқып шықпасқа?” десем, “Менікі емес” деп үн қатты. Сол кезде алғаш рет ойымда “НЕГЕ МЕН ОСЫНДАЙ АДАМДАРҒА көмектеспеймін?” деген идея туындады.

Мен уже Алматыға іштей басқа адам болып оралдым. Қазіргі жұмысым өзіме ұнамай бастады. “НЕГЕ МЕНІҢ ӨНІМІМ БАРЛЫҒЫНА КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?” деп іштей өзімді жедім.

Екінші рет Нұр-Сұлтанға барғанда қымбат қонақ үйдің бөлмесінде болған оқиғаны білесіз ғой. Қазақтың қыздары сайт арқылы “сатылып” жатқанын көргенде қатты намыстандым. Неге бұл қыздар дұрыс жолды таңдамады? Олардың дұрыс таңдауы болмаған ғой. “Мен оларға басқа мүмкіндіктер бар екенін көрсетуім керек” деген идея кетті. Тағы да Алматыға іштей мүлде басқа адам болып оралдым.
НЕГЕ МЕНІҢ ӨНІМІМ БАРЛЫҒЫНА КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?

Алматыға келе сала оқып жатқан адамдарға пайдасы тиіп тұрған, бізге де жақсы табыс әкелген сұранысқа ие курсты тоқтатуды жоспарладым. Себебі “ол барлығына бірдей көмектесе алмайды, ал мен барлығына бірдей көмектесуім керек” деп тұрып алдым. Кейін түсіндім бұл кездегі ниет көмектесу емес, ҚҰТҚАРУ еді! Ол адамдарды құтқару еді!

Бірақ менің құтқаруым оларға бес тиын және мен Құдай емес екенімді ұмыттым! Ол адамдардың өз таңдауы мен өмірі бар ғой. Ал мен болсам, “жоқ олар басқша өмір сүру керек” деп білек сыбана оларды құтқаруға кірісіп кеттім.

Психологида “Треугольник Крпмана” деген бар. (Спасетель, Жертва, Агрессор) гуглдан қарасаңыздар түсініп аласыздар, немесе сториста айтамын, стористі қараңыздар.

Қысқасы осы үшбұрышқа түсіп сол позициядан әрекет етсең нәтижесі әрқашан теріс болады. Мен қай позициядан әрекет еткенімді уже біліп тұрған шығарсыз, иә?

Барлығын құтқарамын, герой боламын . Осы позицияға түстім, соның салдарынан қарапайым дүниелерді көрмей кеттім. Қабылдаған шешімдерім тек басқаларды құтқару үшін, герой болу үшін ғана еді. Бәрін құтқармақ болдым, тек өзімді емес…..

Ары қарай вообще жесть басталды. Көзін байлап бәйгеге қосып жіберген шабандоз сияқты шауып кете бердім. Қайда?
Қалай?
Алда қандай яма бар екенін де көрмей шаба бердім, әйтеуір...

Ертең ең алғашқы үлкен қателігімді және оны қалай шешкенімді айтамын. Жалғасын күтсеңіз ПІКІР .