Get Mystery Box with random crypto!

​​ Куəлік Джей Адамс 2020 жылдың 14 қарашасында Иемізден мәңг | Рухани жаңару

​​ Куəлік

Джей Адамс 2020 жылдың 14 қарашасында Иемізден мәңгілік тыныштық тапты. Ол 91 жаста болатын.

Бәрінен бұрын Адам, 1970 жылы жаңа авторлық "Дана жанбағушы" атты кітабынан бастау алған заманауи библиялық жанбағушылық қозғалыстың негізін қалаушы ретінде танымал болды. Ол Жазбаның жеткіліктілігін қорғап, осы әлемдік психологияның мәсіхшілік бақташы-жанбағушылық кеңселеріне енуіне қарсы тұрды. Джей Эдвард Адамс 30 қаңтар 1929 жылы Балтиморда Мэриленд штатында дүниеге келді. Оның әкесі күзет полицейі, ал анасы - хатшы болған. Не анасы не әкесі қауымға барған емес. Балалық шағында рухани мәселерде білім бермеген.

Адам өте дарынды жасөспірім болғандықтан 15 жасында мектепті тәмамдады. Оны ең алғашқы рет өзінің сенуші досының Киелі кітап үшін уайымдағаны қызықтырды. Ол соны түсінгісі келді. Ол Жохан жазған ізгі хабарды толық оқып шыққан соң, Құдай оның жүрегін ашып, ол сенімге келді.

Ол досымен оның қауымына барып жүріп өте керемет талқылаулар арқылы сенімде рухани өсті. Бақташы 15 жастағы Адамды Филадельфиидағы Реформалық епископтық семинарда оқуды ұсынды. Келесі үш жыл ол үшін қиын болды. Бірақ оның Жазбаға қызығушылығы арта түсіп, түпнұсқалық тілдегі жазбаның тілін үйреніп алды. Содан ол Джонсон Хопкинсанның Университетіне түсіп, 1952 жылы Адам бірден бакалавр дипломын және магистр дипломын алды. Осы жылдарда ол көшелерде, ауылдарда ізгі хабар таратты. Ол "Мәсіхке арналған жастар" қоғамын басқарып, ерлер квартетінде ән айтты. Ең маңыздысы Бетти Джейн Уитлокпен танысты. 1951 жылы 23 шілдеде олар үйленді.

Адам көптеген қауымдарда бақташы болып қызмет атқара отырып, Темпльск университетінде гомилетиканы оқытушы Эндрю Блэквудтың басшылығымен оқуын жалғастырды. Ол грек тілін өте жақсы меңгерді.

Оны қауымдардағы уағыздардың жайы қатты мазалайтын. Осы жағдай оның докторлық диссертациясымен жұмыс жасауына қатты әсер етті. Демалыс күндері уағыз айтып, жергілікті дүкенде тағамдарды ораумен айналысты. Ол лента арқылы зағип студенттерге арналған әдебиеттерді оқып, практикант ретінде университетте сабақ берді.

1963 жылы Адам Нью-Джерсиге келді. Ол пресвитерлік шіркеудің бақташысы болды. Ол семинарларда жанбағушылық сабақтарын өтуге шақыртулар алды. Оның бақташылық жанбағушылық тәжірибесі аз болғандықтан, ол мәсіхшілік көзқарасқарасты түсіндіретін киелі кітаптық тұжырымдарды көп іздеді. 1965 жылыАдамға алты апта бойы Орвал Хобарт Маурермен тілдесу мүмкіндігі туды. Оның кітабы Адамның көңілін қатты аударған еді. Маурердің тәлімі осы әлемдік психология мен мәсіхшілік жанбағушылықты ұштастыруға келмейтініне көзін жеткізді. Маурер Адамға керек болған жазбаның үлкен ашылысын ашып берді.
1968 жылы Адам мәсіхшілік жанбағушылық қоры мен оқу орнын(CCEF)құрды. Жанбағушылық сұрақтарды зерттеп Адам жанбағушылықтың системасын құруды қолға алды.
Осы системаны Адам өз сабақтары мен семинарларына арнап жазды. Осы жазбалар баспаға түскенде, Адамнан олардан кітап жазып шығуын сұрады.