Get Mystery Box with random crypto!

ҚАСЫНДА БОЛУ Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде о | Рухани жаңару

ҚАСЫНДА БОЛУ

Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды... Әйүп 2:13

Джен тақырыптық саябақтың қызметкері Ральфтың жерде жылап отырғанын көргенде, бірден көмекке асықты. Аутизммен ауыратын бала Ральф жыл бойы роликпен жүру мүмкіндігін күткендіктен жылап отырды, бірақ аттракционның механизмі бұзылған болып шықты. Джен «мұңайма» деген сияқты қарапайым сөздер айтқан жоқ, ол Ральфтың қасында жерге отырды, оның сезімдеріне байыпты қарап, оның жылауына мүмкіндік берді.

Дженнің әрекеті - біз азап шеккендерді немесе бастан кешкендерді қалай қолдай алатындығымыздың керемет мысалы. Киелі кітапта Әйүптің үйінен, малынан, денсаулығынан және он баласынан айрылғанынан кейінгі қайғысы туралы айтылады. Әйүптің достары оның қиыншылықтары туралы білгенде, «олардың әрқайсысы ... оны жұбату үшін өзара келісті» (Әйүп 2:11). Әйүп жерде отырып, ренжіді.
Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды. Оның соншалықты қатты қиналып жатқанын көргендіктен, олар оған ешқандай сөз айтпады.

Кейін олар Әйүпке көптеген қателіктерді айтты, өйткені олар қарапайым адамдар болды. Бірақ алғашқы жеті күнде олар оған үнсіз қатысу құнды сыйлығын берді. Біз басқа адамдардың қайғысын түсінбеуіміз мүмкін, бірақ оны түсінудің қажеті жоқ. Оларды жақсы көру және сол жерде болу жеткілікті.

Қиын-қыстау кезеңдерде сіздің қасыңызда кім болды? Кімге бүгін сіздің қатысуыңыз қажет?

Құдай, рахмет Сен жақсы да жаман да уақытта менімен әрқашан біргесің. Менің жолыма кімді жіберсең де, соның жанында болуыма көмектесші.

t.me/ruh_zhan