Get Mystery Box with random crypto!

Сәтсіздікке ұшырағанда не істеу керек? ИНСТРУКЦИЯ: 1. Эмоци | Коучтің Кабинеті

Сәтсіздікке ұшырағанда не істеу керек?

ИНСТРУКЦИЯ:

1. Эмоцияңызды тықпаңыз. Ашулану, жылап алу, бекер істедім деп өзіңізді жазғырып алу норма. тек бұл момент ұзарып кетпеу керек. Эмоцияны неғұрлым тез шығарсаңыз, соғұрлым екінші пунктке өту оңайырақ.

2. Сараптау жасаңыз. Сәтсіздікке ұшыраудың себебі не? Нені байқамадыңыз? Қандай сәтте қателікке жол бердіңіз? Қай әрекет, сөз немесе шешіміңіз дұрыс болмады?
Мойындап, тізіп, жазып шығыңыз.

3. Бұл қателіктер қайталанбау үшін не істеу керексіз? Қателік білімсіздіктен туындайды Қайтадан сол балшыққа батпау үшін қандай білім толықтыру керексіз? Интернеттен іздеп тауып оқыңыз.

Білім алуды кейінге қалдырмаңыз. Егер қалдырсаңыз бейсаналы түрде сіз тағы да сәтсіздіктің қайталануын қалап тұрсыз деген сөз

Таң қалмаңыз, адамдар сәтсіз өмірді өздері қалап тұрады. Бейсаналы түрде әрине.

Неге екенін білгіңіз келсе, реакция аямаңыз.
200 реакция жиналса, мини подкаст жазамын осы тақырыпта.