Get Mystery Box with random crypto!

​​БҰҰ-ның Бас ассамблеясының басшысы әлемдік және дәстүрлі дін | Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі

​​БҰҰ-ның Бас ассамблеясының басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін маңызды алаң деп атап, оның деңгейін жоғары бағалады
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті. Бас Ассамблея басшысы алғаш рет Орталық Азия мен Қазақстанда болды. 
 
Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға 13-15 қыркүйекте әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтетінін айтты. Қазақстан Президенті БҰҰ-ға осы форумға дәйекті қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
 
Абдулла Шахид әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының форумын маңызды алаң деп атап, съездің деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде түсінбеушілік адамдардың сенімдері үшін кемсітуге себеп болады. Сондықтан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Төрағасы әлемнің рухани көшбасшыларының бүкіл әлемде алға басуы алдағы іс-шараның негізгі месседжіне айналатынына сенім білдірді.
 
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қазақстан мен БҰҰ-ның арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту тұрғысынан мейманның сапарының маңыздылығын атап өтті.
 
«БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы – бүкіл адамзат талап ететін шешімдерді ұсыну үшін көшбасшылардың сындарлы жағдайда жиналуы үшін бірегей мүмкіндік. Біз сіздердің осы маңызды іс-шараны табысты өткізуге қосқан үлесіңізді бағалаймыз», - деді Мемлекет басшысы.
 
Өз кезегінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы Қазақстан басшысының басшылығымен іске асырылып жатқан ауқымды реформалар мен ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі таяудағы референдумның қорытындыларын жоғары бағалады.
 
Абдулла Шахидтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан реформалар адам құқықтарын қорғауды және Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.