Get Mystery Box with random crypto!

rasul.sur

Telegram арнасының логотипі rasulsur — rasul.sur R
Telegram арнасының логотипі rasulsur — rasul.sur
Арна мекенжайы: @rasulsur
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 491

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 15

2023-03-25 16:36:04
126 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2023-03-25 16:35:24 «Кімде-кім өзіне келіп жатқан толассыз нығметтерге шүкір етпей жүрсе, сол нығметтердің жойылып кетуіне атсалысып жатыр».

имам әл-Харис әл-Мухасиби
124 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2023-03-25 05:16:26
169 views02:16
Ашу / Түсініктеме
2023-03-25 05:15:52 Кітап оқымау туралы естіген ең ауыр сөздердің бірі мынау:

«Абыройсыз кәріліктен сақтан. Яғни, бала-шағаң сенен еш даналық таба алмай, сол даналықты өзге адамдардан барып сұрауы.

Сен күліп-ойнап, ойын-сауық құрып жүрген жастық шағыңда, сол уақытты ілім мен ғылымға арнаған адамдардан барып сұрауы».
159 views02:15
Ашу / Түсініктеме
2023-03-25 05:05:06 ТОЛЫҚ ЖАЗБА

Қазір Стамбул - әлемнің сан тарапынан мұсылмандар келіп ілім алатын берекелі ордаға айналды. Алайда осыдан ширек ғасыр бұрын Шам өлкесі де білім ізденушілер үшін ашық еді.

40 years ago. Бір топ түрік жігіт Шам өлкесіне білім алуға аттанады. Үнемдеу үшін ортаға ақша қосып, бірге тамақтанып жүреді екен. Күндердің-күні сол топтың ішіндегі бір жігітке үйінен ақша келу тоқтайды. Ол кезде қазіргідей байланыс жоқ, сол үшін себебін біле алмайды. Енді ол жігіттің ортаға қосатын ақшасы болмаған соң, басқа жігіттер оны орталарынан шығарып жібереді.

Алайда, білім жолынан қол үзгісі келмеген ол - сонда қалып, оқуын ары қарай жалғастырады. Күніне бір мезгіл Дамасктың орталығындағы саябаққа барады. Сол жақта отбасылы адамдардың тамақтанып болғанын күтіп, арттарынан қалған қалдық аспен қоректеніп жүреді.

Дәл солай бір күні тамақтанып жатқан кезінде, оң қапталынан ірілеу кісі келеді де, шап беріп қолынан ұстап алады. Қорыққанынан әлгі жігіт: "Менің қарным аш, қарным аш",-деп айқайлап жібереді. Ұстап алған кісі: "Мен сені бірнеше күннен бері көріп жүрмін. Не істеп жүрген адамсың? Кәне, айт!"-дейді. Жігіт бүкілін бастан-аяқ баян етеді. Білім алуға келгенін, осылайша күніне бір мезгіл адамдардан қалған аспен әлденіп жүргенін айтады.

Баланың білімге деген ықыласын көрген манағы ер кісі қалтасынан қағаз алып шығады да: "Ертең орталық базарға келіп, осыны көрсет",-дейді.

Жігіт ертеңіне келіп, базардың кіреберісіндегі біреуге қолындағы қағазды көрсетсе, ол адам: "Мынау сенде қайдан жүр?"-деп күледі. Сөйтсе, әлгі қағазды берген кісі - сол базардағы ықпалды адам екен. Артынан өзі де шыға келіп, жігітті құзырына алдырады. Жанында 3 ұлы бар. Сонда ол ұлдарына қарап: "Мен сендерді бүгінге дейін өсірдім, білім бердім, кәсіп үйреттім. Сендер 3 бауырсыңдар! Бүгіннен бастап мына жігіт сендердің төртіншілерің болады",-деген.

Осы оқиғаны айтып беріп отырған Шейхіміз Халид Харса (حفظه الله) сол сәтте еріксіз көзіне жас алды да: "Білім жолындағы адамды Алла Тағала ешқашан ризықсыз қалдырмайтынына 100% сенімді болыңдар",-деп сөзін тәмамдады.

Түрік балаға көмектескен кісі - біздің Шейхіміз Халид Харсаның (حفظه الله) әкесі деген де әңгімелер бар. Алайда, шейхтің өзінен сұрағанымда "Олай емес", - деп жауап берген етін. Бірақ, сол оқиғаны айтқан сайын шейхтің көңілі босап, көзіне жас алады. Қалай болғанда да, бір жақын қатынасы бар екеніне сенімді болдым.

Соңғы 10 жылдан астам уақыт ішіндегі тұрақсыздық салдарынан Шам өлкесінің халқы жан-жаққа босуға мәжбүр болды. Ал, елі тұрақсыз, босып жүрген халыққа өзгенің бәрі жоғарыдан қарайтыны сөзсіз!

Қызық феномен...20 жыл бұрын мұсылмандар Шамға да барып білім алатын. Бүгінде көпшілік Мысырға, Түркияға, Иорданияға барады. Алла Тағала орындарды алмастырушы. Кезінде түріктің балалары Шамда оқып, ол жақтағы жомарттардың жақсылығын көрсе, бүгінде өз жерлерінде сол елдің азаматтарын қабылдауда.

Сол түрік баланың кім болғаны қызық, иә?

Ол кейіннен оқуын бітіріп, аман-есен Түркияға оралған. Үлкен доктор, профессор дәрежесіне жеткен. Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның аппаратында қызмет еткен. Бүгінде жасы 60-тан асқан ақсақал (тірі). Шейхіміз Халид Харсамен (حفظه الله) кездескен. Мен қоймай, шейхтан ол кісінің аты-жөнін де сұрап алдым.

Дәреже беріп, көтеруші де Алла, тәкаппарларды сындырып, төменге түсіруші де Алла!

Білім алу үшін саябақта адамдардың жеген асынан қалған қалдықпен қоректенген адамды биік дәрежелерге көтерген Аллаға сансыз мадақтар болсын!

"Білім жолындағы адамды Алла Тағала ешқашан ризықсыз қалдырмайтынына 100% сенімді болыңдар!"

(c) Шейх Халид Харса (Алла жасын ұзақ етсін)

#запискиВостоковеда
172 views02:05
Ашу / Түсініктеме
2023-03-25 04:59:57 Білім талап етушілер арасындағы ең үлкен дерт - хасад. Яғни, бір-бірін көреалмаушылық.

(с) Шейх Фаууаз Ан-Намр (حفظه الله)
166 views01:59
Ашу / Түсініктеме
2023-03-22 20:06:03
28 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2023-03-22 14:48:13
12 views11:48
Ашу / Түсініктеме
2023-03-22 14:45:46 Тағдырға разы болу дегеніміз – Алланың сен үшін жасаған таңдауына разы болу.

Біреулер жұпыны үйде тұруы мүмкін, бірақ ата - анасы тірі. Біреуінің анасы жоқ, бірақ қайырымды әкесі бар. Біреуінің әкесі ішімдікке тәуелді, бірақ мейірімді анасы бар баласы үшін бәріне дайын тұратын. Кейде біз басқа бір адамның өміріне қызығып қараймыз, мендеде осындай болса екен деп, бірақ сол адамның жан дүниесінде не болып жатқанын тек Алла білуші.

Өмір - өте ащы, сол қиындықтарға төтеп бере алатындай багаж білім болу қажет деп түсінемін.
14 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2023-03-20 09:46:54 Құран Кәрімде: «Расында, Алла пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[1]»,деп әмір етілген. Алла тағаланың пайғамбарға ﷺ салауаты – періштелерге мақтауы, періштелер салауаты – пайғамбарға дұға етуі. Суфиян Сәури (р.а.): Алла тағала салауаты – рақымет, періштелер салауаты – истиғфар. Бұл аятта Алла тағала пенделерге құлы әрі елшісі Мұхаммедтің ﷺ көктегі мәртебесі айтылып, салауат айтылу әмір етілуде. Салауат – дұға тілек дегенді білдіреді. Араб тілінде намазды да салауат деп айтады. Өйткені, намаз ең үлкен дұға. Құран әмірі бойынша мұсылманға өмірінде бір рет болса да салауат айту міндет. Сондай-ақ, күнделікті айтып жүру мұстахап. Ибн Ато: Дұғаның қабыл болуы үшін оның: негізі, қанаты, себебі және уақыты бар. Дұға негізімен түйіссе күшейеді, қанатына сай келсе аспанға ұшады, уақытына сәйкессе ұтады, ал себебіне орындалса қабыл етіледі. Дұға негізі – жүрек тыныштығы мен жұмсақтық, барлық себептерден бас тартып қалыпты Аллаға байлау. Қанаты – шынайылық, уақыты – сәресі, қабыл болу себебі – пайғамбарға салауат,-деген екен. Ибн Мәсғұд (р.а.): «Сендердің бірің Алла тағаладан сұрайтын дұғасы болса Оған лайықты түрде мадақ айтудан бастасын, сосын пайғамбарға ﷺ салауат айтып барып тілесін, осылай ету қабыл болуға лайықтырақ[2]»,-деген екен. Салауат айтудың артықшылығы
Абдулла бин Масғуд (р.а.): «Қиямет күні ең жақсы адамдар маған көп салауат
айтқандары[3]»,-деген хадис риуаят еткен. Әбу Талха әкесінен риуаят етеді: Алла елшісі ﷺ бір күні жүзінен қуаныш байқалып келді. Адамдар: уа, Алла елшісі! Жүзіңізден қуаныш көріп тұрмыз,-деді. Пайғамбар ﷺ: «Маған періште келіп: уа, Мұхаммед! Раббың: үмбетіңнен саған біреу бір салауат айтса, Мен оған он салауат (рақымет) беремін, үмбетіңнен саған біреу бір сәлем айтса, Мен оған он сәлем беремін, осыған ризасың ба?,-деді. Мен: әрине,-деп жауап бердім[4]».
Салауат айтпау – сараңдық Пайғамбарымыз есімі айтылғанда салауат айтпау нағыз сараңдық. Себебі,
пайғамбарға бір салауат айтып, есесіне Алла тағаладан он салауат алғысы келмеген адамнан асқан сараң болмайды. Әли бин Хусейн әкесінен (р.а.) риуаят етуде: «Сараң – менің атым айтылған кезде маған салауат айтпаған адам[5]». Салауат үлгілері
Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис
соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[6]»,-аятынан алынған[7],деген.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар[8],-деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим
отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың). Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын «Аллоһуммә солли» және
«Аллоһуммә бәрик» салауаттары. Аллоһуммә солли «Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала
Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид». Аллоһуммә бәрик
«Аллоһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала
Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид». Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі[9]», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.
[1] Ахзап сүресі, 56-аят
[2] Әш-Шифа, 306-бет
[3] Термизи
[4] Ахмед, Насаи
[5] Ахмед
[6] Ахзап сүресі, 56-аят
 [7] Мұхтасар Ибн Касир
133 views06:46
Ашу / Түсініктеме