Get Mystery Box with random crypto!

ТОЛЫҚ ЖАЗБА Қазір Стамбул - әлемнің сан тарапынан мұсылмандар | rasul.sur

ТОЛЫҚ ЖАЗБА

Қазір Стамбул - әлемнің сан тарапынан мұсылмандар келіп ілім алатын берекелі ордаға айналды. Алайда осыдан ширек ғасыр бұрын Шам өлкесі де білім ізденушілер үшін ашық еді.

40 years ago. Бір топ түрік жігіт Шам өлкесіне білім алуға аттанады. Үнемдеу үшін ортаға ақша қосып, бірге тамақтанып жүреді екен. Күндердің-күні сол топтың ішіндегі бір жігітке үйінен ақша келу тоқтайды. Ол кезде қазіргідей байланыс жоқ, сол үшін себебін біле алмайды. Енді ол жігіттің ортаға қосатын ақшасы болмаған соң, басқа жігіттер оны орталарынан шығарып жібереді.

Алайда, білім жолынан қол үзгісі келмеген ол - сонда қалып, оқуын ары қарай жалғастырады. Күніне бір мезгіл Дамасктың орталығындағы саябаққа барады. Сол жақта отбасылы адамдардың тамақтанып болғанын күтіп, арттарынан қалған қалдық аспен қоректеніп жүреді.

Дәл солай бір күні тамақтанып жатқан кезінде, оң қапталынан ірілеу кісі келеді де, шап беріп қолынан ұстап алады. Қорыққанынан әлгі жігіт: "Менің қарным аш, қарным аш",-деп айқайлап жібереді. Ұстап алған кісі: "Мен сені бірнеше күннен бері көріп жүрмін. Не істеп жүрген адамсың? Кәне, айт!"-дейді. Жігіт бүкілін бастан-аяқ баян етеді. Білім алуға келгенін, осылайша күніне бір мезгіл адамдардан қалған аспен әлденіп жүргенін айтады.

Баланың білімге деген ықыласын көрген манағы ер кісі қалтасынан қағаз алып шығады да: "Ертең орталық базарға келіп, осыны көрсет",-дейді.

Жігіт ертеңіне келіп, базардың кіреберісіндегі біреуге қолындағы қағазды көрсетсе, ол адам: "Мынау сенде қайдан жүр?"-деп күледі. Сөйтсе, әлгі қағазды берген кісі - сол базардағы ықпалды адам екен. Артынан өзі де шыға келіп, жігітті құзырына алдырады. Жанында 3 ұлы бар. Сонда ол ұлдарына қарап: "Мен сендерді бүгінге дейін өсірдім, білім бердім, кәсіп үйреттім. Сендер 3 бауырсыңдар! Бүгіннен бастап мына жігіт сендердің төртіншілерің болады",-деген.

Осы оқиғаны айтып беріп отырған Шейхіміз Халид Харса (حفظه الله) сол сәтте еріксіз көзіне жас алды да: "Білім жолындағы адамды Алла Тағала ешқашан ризықсыз қалдырмайтынына 100% сенімді болыңдар",-деп сөзін тәмамдады.

Түрік балаға көмектескен кісі - біздің Шейхіміз Халид Харсаның (حفظه الله) әкесі деген де әңгімелер бар. Алайда, шейхтің өзінен сұрағанымда "Олай емес", - деп жауап берген етін. Бірақ, сол оқиғаны айтқан сайын шейхтің көңілі босап, көзіне жас алады. Қалай болғанда да, бір жақын қатынасы бар екеніне сенімді болдым.

Соңғы 10 жылдан астам уақыт ішіндегі тұрақсыздық салдарынан Шам өлкесінің халқы жан-жаққа босуға мәжбүр болды. Ал, елі тұрақсыз, босып жүрген халыққа өзгенің бәрі жоғарыдан қарайтыны сөзсіз!

Қызық феномен...20 жыл бұрын мұсылмандар Шамға да барып білім алатын. Бүгінде көпшілік Мысырға, Түркияға, Иорданияға барады. Алла Тағала орындарды алмастырушы. Кезінде түріктің балалары Шамда оқып, ол жақтағы жомарттардың жақсылығын көрсе, бүгінде өз жерлерінде сол елдің азаматтарын қабылдауда.

Сол түрік баланың кім болғаны қызық, иә?

Ол кейіннен оқуын бітіріп, аман-есен Түркияға оралған. Үлкен доктор, профессор дәрежесіне жеткен. Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның аппаратында қызмет еткен. Бүгінде жасы 60-тан асқан ақсақал (тірі). Шейхіміз Халид Харсамен (حفظه الله) кездескен. Мен қоймай, шейхтан ол кісінің аты-жөнін де сұрап алдым.

Дәреже беріп, көтеруші де Алла, тәкаппарларды сындырып, төменге түсіруші де Алла!

Білім алу үшін саябақта адамдардың жеген асынан қалған қалдықпен қоректенген адамды биік дәрежелерге көтерген Аллаға сансыз мадақтар болсын!

"Білім жолындағы адамды Алла Тағала ешқашан ризықсыз қалдырмайтынына 100% сенімді болыңдар!"

(c) Шейх Халид Харса (Алла жасын ұзақ етсін)

#запискиВостоковеда