Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Telegram арнасының логотипі quralaihanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ Қ
Telegram арнасының логотипі quralaihanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
Арна мекенжайы: @quralaihanum
Санаттар: Бала күтімі , Эзотерика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 34.67K
Арнадан сипаттама

📌90000 әйелдің өмірін өзгерткен Қазақ ханымы
Instagram: 👉🏻 https://instagram.com/quralai_hanum
YouTube каналым:
https://youtube.com/@quralaihanum

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 50

2022-05-20 07:23:59 ​​Құралай ханымнан өмірді өзгертетін 8 құпия

Жадың жақсарып, ойлау қабілетің мен түсінігің арту үшін тек жақсы сөз сөйлеп, позитивті ой ойлап жүр!

Ерте жатып, сергек ояну үшін шәй мен кофе ішпе! Егер қатты қиын болса, бір апта эксперимент жасап көр, ұйқың тыныштала бастағанда өзіңе бұл пунтк те ұнап қалады.

Кешке тамақ ішпе және оны әдетке айналдырып ал! Екі апта осындай режимде жүре алсаң, әдемі түстер көріп, ұйқың жеңілденіп, керемет көңіл-күйде оянатын боласың! Түске дейін езіліп жатуды ұмытасың!

Тамағыңа тұз бен қантты аздау қосуға тырыс. Бір-екі аптадан кейін, денеңнен жеңілдік байқап, тамақты аз ішіп жүргеніңді байқайтын боласың!

Газдалған сусындарды мүлдем ішпеуге тырыс. Бір аптадан соң қара судың қасиетін сезініп, шөліңді басу үшін судан артық зат жоқ екенін түсінесің!

Инстаграмға тек жұмыс жасау үшін ғана кіріп, ватсапқа тек керек кезінде кіріп, желіге кіру уақытымды минимум жасап едім, санама түрлі жаңа идеялар келіп жатыр. Сіздерге де сондай кеңес беремін.

Табиғаттан ақиқат таптым! Жазда жасыл шөпке, қыста аппақ қарда аунап жас балаша қуану жүрекке тыныштық ұялатып, бақытқа бөлейді.

Табиғаттан алыстамаңыз!

Құралай ханым

Instagram: @quralai_hanum
3.5K viewsedited  04:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 13:39:56 «Бағалы кеңес» жаттығуы

Өзіңіздің 80 жасыңызды елестетіңізші. Сіз - бай-қуатты, жетістікке жеткен, өмірден өз орнын тапқан жансыз. Сізде қалаған нәрсеңіздің барлыығыыы бар - кең сарайдай үй, қымбат көліктер, яхта, ұшақ. Жан-жағыңызда балаларыңыз бен немерелеріңіз сізді әлпештеп бағып отыр.

Осы состояниены бар жан-тәніңізбен сезініңізші…әр клеткаңызбен…толығымен сол күйге кіріп кетіңіз.

Міне, сіздің алдыңызда жас кезіңіздегі өзіңіз отырсыз. Бұл қызға(ұлға) қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? Не айтар едіңіз?

Осы сөздерді жазып алыңыз.
Қазіргі сізге жетіспей тұрған кеңес осы болып тұр. Оған құлақ асыңыз.

Құралай ханым
3.8K viewsedited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 06:50:11
БАЙ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ, БАЙЛАР СЕКІЛДІ ӨМІР СҮР!

Құралай ханым
1.2K views03:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 07:00:52
Жантайып жатып қалған жалқау желкемізді жыбырлатып, жаңарып бара жатқан мына заманнан қалып қоймай, жорғалайық

Жаудай жағадан алған, мына жылдамдықтың заманында жамбасты тоздырып жата беру - жоқшылыққа әкеледі!

Қозғалыңыздар қыздар, қуатты болыңыздар!
Сіз өзіңіз ойлағаннан көп дүниені жасай аласыз

Құралай ханым
4.6K viewsedited  04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 18:38:40 ӘЖЕМНІҢ АҚЫЛ-ӨСИЕТТЕРІ

• Біреуге жамандық жасасаң да, кесапатын, зиян-зардабын өзің тартасың. Жақсылық жасасаң да, шарапаты өзіңе тиеді. Жасаған жақсылығыңды көпсінбе, міндетсінбе.

• Әлдекімнің жеткен жетістігіне, үйіліп-төгіліп жатқан ырысына, мыңғырған мал-мүлкіне, аспандап тұрған атақ-абыройына көзіңді сүзбе, тымырайып-тыжырайма. Ішіңде қырық пышақ айналмасын. Әркім өзіне бұйырған ғана несібесін жейді. Не артық, не кем емес.

• Адамдардың екі әшекейі бар: әдебі мен кішіпейілділік-қарапайымдылығы. Оның ішінде қыз баланы сүйкімді ететін әшекейі: ол ибасы мен тазалығы. Өзің ұқыпты, жинақы киініп, үйіңді таза ұста. Жансарайың, денең, төсеніш-кілемің, тағам-дастарқаның, айналаң үнемі таза жүрсін.


• Көптеген жақсылықтарға жетудің себебі - үлкендердің батасы. Көнекөз қариялардың разылығын көбірек ал, жолың ашылады.

• Жоқтан бар еткен, ең әдемі пішін берген, керекті мүшелерді, күштерді берген ақыл-сана берген, азық-сусыныңды, асап жер дәміңді себепсіз, ақысыз берген құдіретті Алла Тағалаға шүкіріңді айтудан жалықпағайсың, жанботам.

• Төсің мен етегіңді ашып жүрме. Елдің көзі түспесін, еркектің көзі түспесін. Етек-жеңің жинаулы болсын, қызым. Шашыңды жайма, тым құрығанда өріп қой екі өрім қылып. Шаш жаю - қаралы хабардың, жаманаттың нышаны болған ертеректе.

• Көпшілік алдында аз сөйле. Тіл кіші болса да, айыбы үлкен, қалқам. Қыз баланың сумақай тілді, сыпсың сөзді болғаны - өте сүйкімсіз. Жауласаң, сыпайы әрекет-қимылыңмен, күлімсіреген жүзіңмен, жылы-жұмсақ сөзіңмен жаула адамдардың жүрегін. Көркем мінез иесі бол.

• Шықбермес Шығайбайдың кейпін киме, қарағым. Жомарт бол. Қонақ келсе жайғап, көңілін тауып, төбеңе көтер. Қолыңдағы соңғы бақыр тиының, соңғы сыйың болса да, қолына ұстатып жібер. Одан қазаның ортайып қалмайды. Жылы қабақпен шығарып сал.

• Қыз баланың талдырмаш, жіңішке, үзілердей боп тұрғаны тәуірірек. Артық салмақ қоспа. Қосып алсаң, тез арыл. Аз тамақ жегеннің жүрегі нұрлы, таза болады. Тоқтық ойлануды азайтады. Шектен тыс тоқ адам нәпсісінің тұтқынына айналады. Тоқтық деген құтыртады, қызым.

• Дүниелік болмайтын істерге бола араздасып, біржола көріспей, ара-қатынасын үзіп кететіндерді құлақ естіп, көз көрген талай. Жан-жағыңмен жауласпай, бауыр бол, балам.

• Кедейлік жалқаулықтан келеді. Ешкімге мұқтаж болмау үшін білегіңді сыбана еңбек қыл.

Құралай ханым
2.5K views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 12:32:05 Ең көп қойылатын сұрақ:

«Жалқаулықпен қалай күресемін? Мінезімді қалай өзгертемін? Қалай пысық болуға болады? Мотивация қайдан аласыз?»

Жауап берейін:

Жауқаулықпен, мінезіңмен, өзіңмен күресудің, ештеңеден құтылудың қажеті жооқ Өзің туралы, өзіңнің мінезің туралы, жалқаулығың туралы, асқазаның туралы, жүрегің туралы тағы да басқа туралы, туралы ойлаудың керегі жооооқ
Өзіңді ойлай беру - ЭГОны үлкейту, ал «эго» деген өте жаман зат!
Барлық религияларда, кітаптарда да ӨЗГЕНІ ойла деп жазады!

Ата-анаңды ойла! Балаңды ойла! Байыңды ойла! Туыстарыңды ойла! Достарыңды ойла! Ойлайтын ешкім болмаса, жұмыстастарыңды ойла!
Ел-жұртты ойла!
Эгоисттік МЕН, менің жалқаулығым, мінезім итыпы итыдыларды ойлай берген сайын, эгоң да, жалқаулығың да, жаман мінезің де күшейе береді.

Қызмет қыл! Еліңе-жұртыңа, туыстарыңа, отбасыңа! Сонда өзің жайлы ойланатын, күресетін уақытың болмай қалады!

Мінезбен, жалқаулықпен күресудің, соғысудың қажеті жоқ!

Еңбек ет Елге қызмет ет

Құралай ханым
4.1K views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 08:49:14 «ҚұраLike» курсына қатысушыларымыздың пікірлері

Егер сіз де курсқа қатысып жатсаңыз, осы жерде пікір қалдыруға болады
4.7K viewsedited  05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 08:47:29
4.7K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 08:47:26
4.7K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 16:30:40 ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ:

1-лабиринт:

Сіз үнемі барлығын кейінге шегеріп қоясыз. Тіпті қате қадам бассаңыз да, оны ешқашан мойындамайсыз. Ешқандай мәселеге мәселе деп қарамайсыз. Алайда мәселе үстіне мәселе жинала берсе, оның шешімін табу да күрделене түседі. Осылай жалғаса берсе "мәселелер сақталатын жәшігіңіз" де толып, ішіне ештеңе сыймай кетеді. Кез келген жағдайды уақытылы шешіп отыруға дағдыланыңыз. Одан бөлек сіз өте сезімтал жаратылыссыз. Көп нәрсені жүрекке жақын қабылдамауға тырысыңыз, сонда өзіңізге жеңіл болады.

2-лабиринт:

Сіз шешім қабылдауда осалдық танытасыз. Мұны өзіңіз де байқамайсыз. Мәселе сіздің өткен шағыңызбен байланысты. Әлдекім өзіңізге деген сенімділігіңізді төмендеткен, сол себепті бойыңызда осындай кемшілік қалыптасқан. Қазір бір шеңбер бойымен ғана айналып, ары аса алмай жүрсіз. Үнемі өзіңізге ұнамайтын нәрсені таңдайсыз. Араласатын ортаңызды да өзіңіз шеше алмайсыз. Іште бір күш бұлқынып жатыр, бірақ оны сыртқа шығаруға дәрменіңіз жетпейді. Барлығын өзіңіз саралап, сараптайтын күйге жетсеңіз кемшіліктерден арыласыз.

3-лабиринт:

Үнемі барлығын өз тұлғалық қасиетіңізге әкеп тірейсіз. Кез-келген іс, әңгіме, ойлар, болып жатқанның барлығын өзіңізге қабылдайсыз. Сыртқы ортадағы сөздерді жайбарақат тыңдай алмайсыз, атыңызға айтылған сынды да қабылдай білмейсіз. Бұл қасиет сізді көп мәселеге душар етеді. Өзіңіздің шынайы бейнеңізді де қабылдау қиынға соғады. Өз эгоңызды шектеп, қоршаған ортаны тыңдауды үйреніңіз. Өзіңізді өзгеге ренжітуге жол бермеңіз, сөйте тұра олардың пікіріне құлақ асыңыз.

4-лабиринт:

Сіз үшін тәуекелге бел байлау – қиынның қиыны. Тек өз жан қалауыңыз бойынша өмір сүресіз. Ішкі әлеміңіз бір өзгерісті қалайды, дегенмен оған да тәуекел ете алмайсыз. Кез келген өзгерісті, ұсынысты қорқа-қорқа тыңдайсыз. Оның зардабы өмір бойы алдыңыздан шығып отырады. Сондықтан кей-кейде болса да батыл шешімдер қабылдаудан қорықпаңыз.

Тест ұнады ма?
3.3K views13:30
Ашу / Түсініктеме