Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Telegram арнасының логотипі quralaihanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ Қ
Telegram арнасының логотипі quralaihanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
Арна мекенжайы: @quralaihanum
Санаттар: Бала күтімі , Эзотерика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 34.73K
Арнадан сипаттама

📌90000 әйелдің өмірін өзгерткен Қазақ ханымы
Instagram: 👉🏻 https://instagram.com/quralai_hanum
YouTube каналым:
https://youtube.com/@quralaihanum

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 49

2022-05-24 09:11:31
Тәрбие жайлы қанатты сөздер 

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

М.Әуезов
***
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбайұлы
***
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Ахмет Байтұрсынұлы
***
Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады.

И. Павлов
***
Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң.

Абай Құнанбайұлы

***
Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп-отбасы. 

М.Арын
***
Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. 

М. Жұмабаев

Құралай ханым
689 viewsedited  06:11
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 16:58:45 Баламды қалай өзгертем дейсің бе?
Өзің өзгергенде, бала да өзгереді!

Балам мықты болсын десең, жарық пен жылуды ешқашан аяма!

Неге біз баланы ұрамыз?
Себебі, бала бізге сдача бере алмайды. Баланың бізге күші жетпейді. Баланы қанша ұрсаңыз, өскенде балаңыз сізге сонша сдача қайтарады.
Закон бумеранга всегда работает.

Баланың ойыны қану керек. Қазіргі игромандар кезінде ойыны қанбаған балалар.

Шашылған нәскиге қарап, балаға ұрысқыңыз келгенде, өзіңізгі мына сұрақты қойыңыз: « 5 жылдан кейін маған осы нәски маңызды бола ма?». Нәски- тек мысал ғана.

Адамға әрдайым қараңғылық ұнайды. Жарық - ол гармония. Балаға әрдайым позитив құйып әдеттену керек.

Байытатын дүние - тек махаббат пен мейірім. Адам баласы бала жүрегіне үйрететін бірден бір дүние - махаббат.
Балаңыздан махаббатты аямаңыз!

Баланы қалай бар, солай қабылдап үйрену керек! Ешқандай шартсыз жақсы көріңіз!
Балаңыз сіздің махаббатыңызды алу үшін мынандай, мынандай болуым керек деп ойламасын!

Балам есті болсын десең, өзің "есеюің" керек!

Балаңды әркез жоғары бағала!

Бала сылап-сипаумен өседі! Көп құшақта.

Чемпион бала тәрбиелеу үшін, чемпион ата-ана керек!

Қиналысының кінәлісі - ұрпағым деп ұғатын ата-ана, баласымен ара-қатынасын мәңгіге бұзады.

Балаңа жол салып берме! Үлкен жолға дайында!

Құралай ханым

Instagram: @quralai_hanum
3.1K viewsedited  13:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 16:55:36 Бала тәрбиесі туралы сұрапсыздар

Олай болса, өзімнің өмірден түйген ойларыммен сіздермен бөлісейін
2.8K views13:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 10:38:07 БҮГІН НЕ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ ӨРБІТЕЙІК, ҚЫЗДАР?

Жаза отырыңыздар
4.2K views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 09:44:16 АМАНСЫЗДАР МА, ОҚЫРМАНДАРЫМ?

Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Жаңа апта сәтті өтсін!
174 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 14:17:59 ӘЖЕМНІҢ ӨСИЕТІ (жалғасы)

• Мәдениетті бол. Ішкі мәдениетің тіптен жоғары болсын.

• Қабағыңды түйіп жүрме. Адамдар сенің жылуыңа жылынсын, шуағыңды шашып, күлімдеп жүр үнемі.

• Үлкен-кіші болсын көмек қолын созып, көбірек жақсылық жасай бер. Ондайда жаның рахаттанады. Көмек жасап алған ләззат бөлек.

• Әлдекімдердің ұсқынсыз, көріксіз екенін, сыртқы көрінісін әңгіме етпе. Оның иманы сенен мықты, ішкі дүниесі сенікінен сұлу болуы мүмкін. Күйе жағып, тіл тигізуге тырыспа да. Ар- ожданыңды олай ластап, жүрегіңді олай улама.

• Адамнан емес, Алладан сұра.

• Жұмыр жердегі жұмыр басты пенденің ғұмыры жаялық пен кебіннің ортасында өтеді. Қарап отырсаң, екеуі де мата делік. Екеуінде де қалта болмайды. Бос келіп, бос кетесің. Дүния жиям деп арам тер болма. Ұрпақ әкел өмірге. Артыңда ізің қалсын. Сол ұрпағыңа ақыл айта алатындай білім-өнеге жина, бере алар тәлім-тәрбиеңді түзе. Игі іс жаса. Жақсы қызмет қыл.

• Ертеңгі күні отбасылы боласың. Сондағы айтарым, еріңді сүмірейтпе. Сен еріңе сүйкен қайта. Алдыңда бас болып қасқайып жүрсін. Сүйіспеншілігің мен махаббатыңды сыйла, жылы шырай білдір. Азып-тоздырмай, өзіңнен алға оздырып жүргейсің.

• Жан баласын ренжітпе, жарығым. Айыпты өзіңнен ізде.

• Жасанды дүниелерге жолама. Түр-сипатың да, қылығың да, харекетің де шынайы болсын. Бетперде киме. Шыншыл бол.

• Аз ұйықта. Ризығыңа бөгет болады.

• Қиыншылықтарға төз. Қай нәрсе де оңай келмеген, келмейді де.

• Тәкаппарды Тәңірі сүймейді. Мұрныңды көкке шүйірме.

• Жер-жаһандағы қырғын-сүргін, қулық-сұмдық, зұлымдық арсыздықтан келеді. Ұятың болсын. "Ұят болады" ұғымын түйсігіңе тоқып ал, көкем ...

Құралай ханым

Instagram: @quralai_hanum
3.4K views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 08:11:30 ТЕСТ ЖАУАПТАРЫН ОҚУҒА ДАЙЫНСЫЗДАР МА?

1-көйлек:
Сақ әрі мейірімді адамсыз. Өмірдің келеңсіз кездерін назардан тыс қалдырып, тек жақсылықты көруге ұмтыласыз. Көпшілік арасында көзге түскен ұнамайды, бірақ үнемі мінсіз боп жүресіз. Романтизмге бай, нәзік жаратылыссыз, мінезіңіз де жібектей. Әйелге тән әлсіз тұстарыңызды орынды қолдана білесіз.

2-көйлек:
Жаңа ғана тігілген киімі өзіне құйып қойғандай – бұл теңеу тура сізге арналған. Жетістікке жету құпиясын ешкіммен бөліспейтін жансыз. Теңдессіз стиліңізбен, таңдаулы талғамыңызбен басқалардан айрықшалана түсесіз. Өзгелердің тамсана қараған көзқарасына етіңіз үйренген. Әсіресе ер адамдар сізге көп көңіл бөледі, бірақ сіз оларды көзге де ілмейсіз.

3-көйлек:
Құпия бейтаныс. Сіздің бүкіл өміріңіз сахнаның сыртындай сырға толы. Оған тіпті жақындарыңыздың өзі бойлай алмайды. Кез-келген шекараны бұзып-жарып өте аласыз. Ал гардеробыңыз классикаға тұнып тұр. Өзіңізге өте сенімдісіз. Ерлер өзіңізге қандай көзқараста екенін жақсы білесіз әрі мұны жақсы қолдана аласыз.

4-көйлек:
Мақтаусыз тұра алмайсыз. Өзгелердің сынап-мінеуін көтере алмайсыз, себебі өз ісіңізге сенімдісіз. Шығармашылық жаратылыс деп сізді айтуға болады, кретивтік шешімдер шығаруды жаныңыз сүйеді. Жарқын харизмаңызды басқалар оңайлықпен естен шығара алмайды. Қиындықтар сізді қорқыта алмайды, оған тіпті пысқырып та қарамайсыз.

5-көйлек:

Отбасының ұйытқысы. Ашық-жарқын мінезіңізбен ерекшеленесіз. Сіздің барыңыз да, нарыңыз да – жанұяңыз. Сүйікті адамдарыңыз үшін барлығына бара аласыз. Тіпті өз қалауыңызды да кейінге ысырып қойып, өзгелердің ырқына көнесіз. Сізге еш қатысы жоқ адамнан да көмегіңізді аямайсыз әрі одан қайтарымын күтпейсіз. Сәннің жетегінде кетпей, ішкі және сыртқа дамуға инвестиция құясыз.
4.5K views05:11
Ашу / Түсініктеме
2022-05-21 16:04:06
ҚЫЗЫҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ

Қай көйлек ұнайды?

Суреттегі көйлектің қайсысын киер едіңіз?

Жауабын таңертең саламын

Құралай ханым
2.8K viewsedited  13:04
Ашу / Түсініктеме
2022-05-21 09:19:40
ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ ҰСЫНҒАН 3 ФИЛЬМ

Ход Королевы (сериал)

Елдің бәрі жапа-тармағай көріп, жарнамалап кеткесін мен де қызығып қарадым. Бір деммен көретін, ұзақ емес, өзіндік стилі бар әдемі сериал. Шахмат деген ойынның құдіретін, адамның ми қабілетінің шексіздігін, талант пен ептіліктің үлгісін көрсететін керемет туынды. Осы сериалдан кейін әлемде шахматқа деген қызығушылық бірнеше есеге артып, шахмат тақталарының сатылымы едәуір өскен деседі.

Лучшее предложение (2012)

Менің сүйікті фильмдерімнің қатарында. Араларыңызда көріп тастағандар баршылық шығар. Бірақ жоқ болса, уақыт тауып, көріп шығуға кеңес беремін.

Идеальные незнакомцы (2016)

Қазіргі онлайн өмірдің, телефонға телмірген заманның қызығы мен қаупін көрсететін фильм. Бұл фильмді де көргендеріңіз көп шығар. Бірақ маған ой салған, қызықты фильмдер қатарында.

Сіздер қандай кино көруге кеңес бересіздер? Бөлісе отырыңыздар

Құралай ханым

Instagram: @quralai_hanum
1.4K views06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 14:47:43 Құралай ханым

Instagram: @quralai_hanum
996 viewsedited  11:47
Ашу / Түсініктеме