Get Mystery Box with random crypto!

Қыздар тәрбиесі туралы көп сұрақ келеді. Соттап жібермеңiздер | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Қыздар тәрбиесі туралы көп сұрақ келеді. Соттап жібермеңiздер бұл тек менің өмірім, менің бала-шағам, менің ойым. Қыздарымды еркелетіп өсiрiп жатырмын. Қыз өмірі ұлға қарағанда қиын. Сол қиындықты бала кезінен бастамайын, өз үйінде бакытты балалық шағын өткізсiн деген оймен принцесса болсыншы деп ойлаймын. Шамалары келгенше ғана жұмсаймын, личная гигиена, ыдыс жуу деген оңай жұмыстарды ғана iстетем.

Шешесінен таяқ жеп өскен қыз, күйеуден де таяқ жеп жүреді дегенді естiгенiм бар. Қызды ұруға болмайды!!! Жай шапалақпен де ұруға болмайды. Қызыңа үйде күң сияқты қарасаң, болашақ кездесетін адамдары да оған солай қарайды. Қызың сенi қуанту үшін, сенен жылулықты бiр нәрсені жасап қана ала алатын болса, өскенде басқалардан да солай махаббатты жалынып, жұмыс, қызмет қылып алып жүретін болады. Қызды ештеңесіз, бар болғаны үшін, ешқандай қызметінсiз жаксы көру керек!

Қыздарға ешқашан әкесі туралы жаман айтпау керек! Қандай жаман көңіл күй, реніш болса да, миына әкесіне деген жаман ой құймау керек! Себебі, ол сiзге жаман күйеу болғанымен, баласына жақсы әке шығар! Сондықтан да әке деген қасиетті ұғымды ластамайық, аналар.

Құралай ханым