Get Mystery Box with random crypto!

Баланы бағуда қатып-қалған ереже жоқ және әр ата-ананың өзінің | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Баланы бағуда қатып-қалған ереже жоқ және әр ата-ананың өзінің ойы, тәрбиелеу жолы, ділі болу керек. Көп жағдайда, ата-анасы қанша пысық болып тұрса да, балалары ынжық, қолдарынан түк келмейтін болып жатса, керісінше ата-анасы салақтау, еріншектеу болып, балаларының қолынан келмейтін нәрсесі жоқ болып жатады. Әрине балаңыз сізден көп нәрсені қайталап үйренеді, алайда бұл айтылған нәрсе бірегей бала тәрбиелеудің формуласы жоқ екендігін көрсетеді. Ең маңызды бірнеше психологиялық әдістерді төменге келтіріп өтсек:

- Балаңызды махаббатқа бөлеңіз, маңдайынан сүйіп тілегіңізді, батаңызды беріңіз. Бала сіздің мейіріміңізді жылулығыңызды сезінуі керек, сізден қорықпай керісінше қорған көруі тиіс;

- Балаңызды үнемі қолдайтыныңызды оған айтып, бірақ сізден алатын, сізден оған өсиет болып қалатын 10-15 ақылыңызды айтып жүріңіз. Мысалы: есікті керме, тоқылдатып кір, біреудің ала жібін аттама, және т.б. сияқты. Балаңыз сізге сеніп барып, сіздің берген ақылыңызды жаттайды. Сіздің тәрбиеңіз осындай сенімге сүйеніп, жатталынып қалатын жақсы сөздерден құралуы керек. Ұрсып емес, балаға жететіндей қылып, күнделікті бір сөзді қайталау арқылы үйретіңіз;

- Балаңызға мақсатты дұрыс қоюды үйретіңіз. Мысалы: «мен ағылшынды үйреніп аламын» емес, «мен күніне 5-10 сөз жаттаймын» дегеніңіз дұрыс болады;

- Балаңыздың бойында комплекс байқасаңыз, жұмыс жасаңыз бірге. Оны «сен неге былай істейсің?» деп кінәлап емес, қорғап-қолдап отырыңыз. Жақсы жағын мақтап отырыңыз. Сіз балаңызды қорғасаңыз, ол өмір-бақи ешкімнен қорықпай, басқа адамдарға қарағанда превосходство бардай сезінеді. Күш бергендей сенімді болып жүреді. Кішкентай балалар қатігездеу болып келеді, әлсіздеу баланы басып тастай алады. Сондықтан біздің ата-ана ретінде қолдауымыз, баламыз қорқынышсыз, қорғау-қолдаумен өседі дегенді білдіреді.