Get Mystery Box with random crypto!

Medet Qudaibergen

Telegram арнасының логотипі qudaibergenm — Medet Qudaibergen M
Telegram арнасының логотипі qudaibergenm — Medet Qudaibergen
Арна мекенжайы: @qudaibergenm
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.60K
Арнадан сипаттама

Руxани азықты қазақи таным-түсінікпен, саxабалар өмірінен сыр шертіп, ілім мен амалды қатар алып жүрудің жолы мен жөнін осы жерде бөлісіп отыратын боламын.

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-04 23:45:19 Бүгінгі жұмаларыңыз қабыл болғай!!!
1.2K viewsMedet Kudaibergen, 20:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 23:44:45
1.2K viewsMedet Kudaibergen, 20:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-04 23:44:32 “Мәжмуату- л Ахзаб” атты дұғалар кітабының авторы Ахмед Зияуддин Гүмүшханауи қазіреттің:
“ Бұл дұғаның күштілігіне күмән келтірмеңіз. Алладан қандай да бір тілек- қажеті болған кісі екі рәкат қажет намазын оқып осы дұғаны оқысын”- деп атап өткен дұғасы.

“ Бисмилләһи,
Аллаһумма әнтә- л Әууәлу уә- л Ахиру, уә- з Захиру уә- л Батину.
уә-л Муыти лә мәныиә лимә әытайтә, уә лә рәәддән лимә қадайтә.
Бисмилләһил- ләзи лә иадурру маыә исмиһи шәй уң фи-л ард уә лә фи-с сәмәи уә әузу бикә мин нәри- л жәһиим. Иә Кәрим би хаққи сурәти Ха- Мим уә- л китәби- л мубин иннә әңзәлнәһу фи ләйләти мубәрәкәтин иннә куннә муңзирин, рахмәтән ми- р раббикә бирахмәтикә иә Әрхамәр- Рахимин. Аллаһумма инни әсәлукә иә Аллаһу иә Қадиму, иә Хаииу иә Қаииум, иә Фәрду, иә Уәдуду, иә Самәду иә мән ләм иәлид уә ләм иуләд уә ләм иәкулләһу куфуән Ахәд.
Иә Қадиә- л хаажәт, иә мужибә-д дәыуәәт, ыйқди хаажәти иә Ханнәну иә Мәннану иә Султан би хурмәти-л Қуран уә би хурмәти Мухаммәдин аләйһи-с сәләм”.

Мағынасы:

“ Алланың атымен!
(Жан) Аллам!
Әууәл, Ахир,Захир, Батин Өзіңсің. Бергеніңе ешкім кедергі бола алмайды да тиғаныңды ешкім бере алмайды. Кері қайтарғаныңды да ешкім қабылдата алмайды. Алланың атымен, Оның есімі тұрған жерде; көкте де, жерде де ешкім зиянын тигізе алмайды.Жәһаннамның жан шыдатпас жалынынан Бір Өзіңе сиынамын.
Иә, Кәрим Аллам(!) ХА МИМ, уә- китәби-л мубиннің құрметі үшін; бізге тамұқты талақ қыл. Бізге (Мейіріміңмен) құт- берекеге толы қасиетті түнде арнайылап жіберген кітабыңның қасиетімен; (біз де) ақиқаттан аттағандарды жан түршігерлік азаппен қорқытамыз.
Мейірім- Рахим Раббымыздың ғана жанында; сенен тек қана рахмет күтеміз иә Әрхамәр Рахимин.
(Жан) Аллам! Күллі қайыр- берекетті тек қана Өзіңнен сұраймын; иә Алла, иә Қадим, иә Хаииу иә Қаииум, иә Фәрду, иә Уәдуду, иә Самәду иә мән ләм иәлид уә ләм иуләд уә ләм иәкулләһу куфуән Ахәд.
Күллі қажеттіліктерді өтейтін, дұғаларды қабыл ететін Жан Аллам! Барлық қажеттіліктерімізді өтей көр. Сұрамай берген, сұрағанның қолын да бос қайтармаған құдіреті күшті Жаппар Ием! Қасиетті кітабымыз Құранның және (барымыз да нарымыз да болған) Мұхаммед Мұстафа аләйһис- сәләмнің құрметіне дұғаларымызды қабыл ет”.
1.5K viewsMedet Kudaibergen, 20:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:58:50 Сенсіз өмір сергелдеңмен сенделген,
Саған келсе жаралы жан емделген.
Дәргейіңде даналықтың исі бар,
Көк күмбезің көкейіме дем берген.
Жан жарамның емшісісің- Қожа Ахмет…

Сөз болсам да көк аттыға көлденең,
Сенің исің өмірімді жөндеген. Жұпар исің жаршысындай жұмақтың,
Көк күмбезің көкейіме дем берген.
Махаббаттың елшісісің- Қожа Ахмет…

Ай Көріктім(!), Өр рухың өлмеген,
Аяныңды барзах- тағы бөлмеген.
Бабалардың бар үміті, Өзіңсің
Көк күмбезің көкейіме дем берген.
Әз Расулдың көршісісің- Қожа Ахмет…

Бұл пәниден кімдер кетіп келмеген,
Жетекке еріп небір жандар желмеген.
Көңіл- бітеу, көкірек- шер болса да,
Көк күмбезің көкейіме дем берген.
Кемеңгердің кеншісісің- Қожа Ахмет…

#көккүмбез
48 viewsMedet Kudaibergen, edited  08:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 10:45:54 Көк күмбезің көрік берген далама,
Көк күмбезің сәуле шашқан санама.
Медет бергін, Пәруардигар, қазірет
Құтың қашса Яссауиді жағала…

Түн- тылсымның түймелерін шешеді,
Түркістанда тылсым лебі еседі.
Медет бергін, Пәруардигар, қазірет
Мейірімдіні Алла Өзі кешеді.

Сырың жайлы жан адамға үндеме,
Өлі менен тірі халі бірге ме(?).
Медет бергін, Пәруардигар, қазірет
Құтың қашса Яссауиді іргеле…

Үш күннен соң үйренесің көрге де,
Қабір- ұстаз, менменсіген өрге де.
Медет бергін, Пәруардигар, қазірет
Құтың қашса Яссауиді іргеле…

Медет Құдайберген

#көккүмбез
583 viewsMedet Kudaibergen, 07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 10:26:02 Осман мемлекетінің негізін қалаған Осман ғазы бата сұрай келгенде Әдебали әулие оған:
«Ұлым, енді Бексің!
Бұдан кейін ашу – бізден; сабыр – сізден...
Ренжу – бізден; көңіл аулау – сізден...
Кінәлау – бізден; төзу – сізден...
Жаңылу – бізден; кешіру – сізден...
Жанжал – бізден, әділет – сізден...
Бөліну – бізден; біріктіру – сізден...
Еріну – бізден; қанаттандыру – сізден...деген екен.

Халық айтады, ренжиді, жанжалдасады...Мемлекеттік қызметшілерге төзім мен сабыр тілеймін!

Ербол Сабитовтің ФС парақшасынан алынған
1.0K viewsMedet Kudaibergen, 07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 08:33:50 Тұйыққа тірелгенде мына аятты есіңе ал:
“…қайдан білесің, мүмкін, Алла бұдан кейін мүлдем басқа жағдай туғызар”
( Талақ/1 )

#меніңкітабымқұран
1.0K viewsMedet Kudaibergen, 05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 19:40:09 Өзгелердің кемшілігін көріп, тіліңмен олардың жанын жаралама.
Өйткені, сенде де кемшілік бар, басқаларының да тілі бар.


(Имам Шафиғи)
1.3K viewsMedet Kudaibergen, 16:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 18:30:53 Көңіл- көктем болса да
жаным неге жабықты.
Жаныма жайлау қонса да қақаған қыстай қамықты.
Ер жігіттің басына нелер
де келіп кетпеген,
Қиындықты көп айтсаң әкелгендей боласың
тозақтағы тамұқты…

Медет Құдайберген
1.1K viewsMedet Kudaibergen, edited  15:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 12:04:50 Намазға оянып,
терезесін шіркеуге ашқандар,
Дін емес,
діннің рухынан қашқандар.
Шапан
Сәлде
Сақал ғана дерттері
Ағрафта қалып
амалымен сасқандар.
Қашан құтылар екен азаптан.

Құран оқып
Дінді меншіктеп тасқандар,
Бірлікті айтса да
Берекесі қашқандар.
Өсегі- өрт
Жаласы-жалын… жалмаған
Өзгеден емес,
өзінен өрікпіп қашқандар.
Қашан ұтылар екен қазақтан.

Медет Құдайберген
1.1K viewsMedet Kudaibergen, edited  09:04
Ашу / Түсініктеме