Get Mystery Box with random crypto!

Бұрын кім едім(?) қазір қандаймын… Майға піскен нандаймын. | Medet Qudaibergen

Бұрын кім едім(?)
қазір қандаймын…
Майға піскен нандаймын. Әруақтың алып батасын,
Жұмақта жүрген жандаймын.
Тіліме салып таухидті,
Түсінігі кемді жалмаймын. Алладан тілеп таупиқті,
Берген аянын қармаймын.
Құны болған құлдарды,
Малай қылып жалдаймын.
Құнсыз болған ерлерге, Құранның нұрын сарнаймын.
Қадірімді білген, мұқтарам, Жырымды саған арнаймын.