Get Mystery Box with random crypto!

Ардақты Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм сүйікті неме | Medet Qudaibergen

Ардақты Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм сүйікті немерелері Хасан мен Хусейінді құшағына алып сүйгенде төмендегі дұғаны оқиды екен. Әрі, Ибраһим пайғамбар да балалары Ысқақ пен Ысмаилды сүйіп бауырына басқанда осы дұғаны оқығандығы жайлы да айтылады.
Бұл дұғаны оқу балаларды назардан сақтайды, әрі кем көздерден қорғайды.

( Имам Бухари, Әнбия, 10)


“ Әузу бикәлимәтилләһи- тәәммәти мин кулли шайтани уә һәәммәти уә мин кулли айни ләәммәти”.

Мағынасы:
“ Шайтанның барлық түрінен, улы жәндіктерден, кем назарлардан; Алланың толық кәлималарына, шексіз құдіреті мен үкіміне сиынамын”.