Get Mystery Box with random crypto!

STUDUNION🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qsa_ask — STUDUNION🇰🇿 S
Telegram арнасының логотипі qsa_ask — STUDUNION🇰🇿
Арна мекенжайы: @qsa_ask
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 752
Арнадан сипаттама

Официальный Телеграм канал Республиканского студенческого движения «Альянс студентов Казахстана»✅🇰🇿

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2021-10-19 09:13:45
265 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 08:40:41 Сарапшылар кәсіби бағыт-бағдар мәселелерін талқылады

Кеше 12 қазан «Жастарға кәсіби бағыт-бағдар берудің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық диалог алаңы өткізілді.

Аталған іс-шарада негізгі спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Адамбеков Тілектес Серікбайұлы, Narxoz University Президенті Дәуленов Мирас Мұхтарұлы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы, BTS Education бас директоры Саясат Нұрбек, Нұр-Сұлтан қаласы №90 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Директоры Сакошев Аян Қажимерұлы баяндама оқыды.

Талқылау нәтижесінде спикерлер мен қатысушылардан аталған өзекті мәселені шешу бойынша нақты ұсыныстар жиналды және хаттама ретінде тіркелді. Бұл құжат құзіретті органдар мен мүдделі тұлғаларға жіберіледі.

Ашық диалог алаңы «Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру» жобасы аясында өткізілді. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында.

Алаң тікелей эфирде Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде көрсетілді.

Қатысушылар: ЖОО проректорлары, 14 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының өкілдері, кәсіби бағдарға жауапты қызметкерлер, университет, колледж, мектептердің білім алушылары, Қазақстан студенттері Альянсының өңірлік филиал төрағалары мен белсенділері, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңес мүшелері.

@kuanysh_yergali @tilektes_adambekov @miras_daulenov @tolegenmukhtar @ainurbagdatqyzy @sayasatnurbek @a_sakoshev @aiatjan @aqparatqogam @aida_balayeva @shakhmardan_baimanov @cisc_official @limadiaskz @aimagambetov @bilim_jane_gylym
201 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 08:40:20
196 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 06:35:04
315 views03:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 06:34:43 Көптен күткен ТЕГІН 3 күндік кәсіпкерлікке оқыту курсының уақыты мен қатысушылары анықталды!

@qsa_ask, @iliyas_tustikbayev аккаунтарындағы іріктеу постынан және ЖОО мен өңірлік білім басқармаларынан келіп түскен хаттар негізінде 85 адам алынды. Олар университет, колледж студенттері және әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдері!

Өткізілу уақыты: 4-6 қазан 2021 жыл, күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Іріктеуден өткен адамдарға біздің қызметкерлер хабарласуда. ZOOM-ға сілтемені жекеге жібереміз.

Орын саны шектеулі және курс соңында сертификат берілетіндіктен қатысушылардан бастан аяқ қатысуын сұраймыз, ереже бұзылған жағдайда оқудан шығарылып, сертификат берілмейді!

Оқу барысында не болады:
⁃ Кәсіп ашу;
⁃ Мемлекеттік және т.б. қолдаулар;
⁃ Түйіндеме жазу;
⁃ Жұмысқа сұхбаттан өту;
⁃ Команда құру;
⁃ Бизнес модель мен жоспар жасау;
⁃ Геймификация;
⁃ 4Р микс маркетинг;
⁃ SWOT анализ, зерттеулер;
⁃ Аудитория таңдау, клиент тарту;
⁃ Онлайн және офлайн сату;
⁃ Рефлексия;
⁃ Қаржылық сауаттылық;
⁃ Стартап-акселератор;
⁃ Тайм менеджмент;
⁃ Кейстар, келіссөздер, питчинг және т.б.
337 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 06:34:26
311 views03:34
Ашу / Түсініктеме