Get Mystery Box with random crypto!

Парадокс

Telegram арнасының логотипі qiialist — Парадокс П
Telegram арнасының логотипі qiialist — Парадокс
Арна мекенжайы: @qiialist
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 266
Арнадан сипаттама

"Ғажайыпты" іздеген жан)
📕 Жазған әңгімемнен үзінділер
😱 Парадоксальді ойлар
📝 Кітап талқы
🥲 Сарказм
Психология және эмоциональды интеллект)

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-06 15:24:02 Сүйе алатындар мен сүйе алмайтындар тең бола ма?

#пәлсәпа
379 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 13:39:49 Больше всего я не хочу, чтоб кто-то думал обо мне слишком хорошо.
В сети очень легко выдать себя за того, кем не являешься, легко надеть на себя покрывало, которое тебя обеляет в чужих глазах, складывает о тебе определённое мнение, и создаёт образ благонравного, праведного или начитанного человека.

Пусть Аллах Всевышний сделает нас лучше, чем о нас думают
530 views10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 17:48:05 Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!
Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…
Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…
Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…
Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!
Білмеймін…

Алмас Темірбай
555 views14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 08:03:40 Өзін жақсы көрмеген адам өзгені жақсы көре алмайды.

Өзін бағаламаған адам өзгені бағаламайды.
452 views05:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 15:21:09 Махаббат майда тастардың, шөптердің, гүлдердің ара-арасынан сылдырап аққан қайнар бұлақ, бірақ арнасына жаңа бір сала ағыны қосылған сайын оның түрі де, тұлғасы да өзгеріп, жылға болады, өзенге айналады, содан кейін алып мұхиттың ақабасыз айдынына құяды.

Бальзак
Шегірен былғары
418 views12:21
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 11:12:35 Мынадай қызық қорытынды жасадым:

Қиындыққа паника, уайым, т.б негатив арқылы келу - одан да үлкен қиындыққа әкеледі.

Қиындыққа тыныштық, ішкі күйді реттеу арқылы келу - қиындықтың шешімі және сіздің өсуіңіз.
770 views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-12 20:36:41 ОЙ ТАЗАЛЫҒЫ

Төлен Әбдікті құшырлана сүйіп оқитын оқырмандарым бар екенін білемін. Бірқатар оқырман Төлен шығармашылығындағы сюжетке мән беріп кетсе, көп оқырман ондағы философия мен қоғамдық мәселелер мен дерттердің тамырын дөп басқан ойлары үшін ұнатады. Десе де Төлен шығармашылығындағы басты идея білесіз бе не екенін? Ойды таза ұстау, бақылау, жаман ойлардан арылу. Бұл философияның бастауы Исламмен байланысы бар. Шәкәрім атамыздың сөзі есіңізде ме? "Ойыңды түзе, ол сөзіңе айналады. Сөзіңді түзе, ол әдетіңе айналады. Әдетіңді түзе, ол мінезіңе айналады. Мінезіңді түзе, ол тағдырыңа айналады"

Ой сізге әртүрлі жақтан келеді. Ислам ғалымдары негізі 4 жақтан келетіндігін айтады:
- Алладан
- періштелерден
- нәпсіден
- шайтаннан

Маңыздысы қай жақтан кеп жатқанын дұрыс анықтай алу керек. Нәпсі мен шайтаннан да өте дұрыс, керемет ойлар, идеялар келеді. Бірақ арты жамандыққа алып баратын.

Тағы көп нәрсе айтқым кеп тұр. Бірақ мына жақтан "Шаршап тұрсың ғой, демалсайш" деген дұрыс ой кеп тұр. Сол демалайын))

Басты айтқым келгені - ойларыңызды таза ұстаңыздар. Бақылап отырыңыздар. Минутына сан түрлі ой келеді. Оның ішінде денеңді тітіркендіріп жіберетін ойлар да болады. Бақылау үшін баста фильтр болу керек. Принциптер, ұстанымдар, көзқарастар сізге сол фильтр қызметін атқарады. Фильтрді де қарап отыру керек, тазалап, ауыстырып дегендей. (Әлгі мәшиненің фильтрі сияқты ше)

Айталық бір адамның кемшілігін көріп қалдыңыз. Мысалы намазхан адам пибінің бөтелкесін ұстап кетіп барады. Сол уақытта ойыңызға не келеді? Шын айтқанда ше сіздің шаруаңыз қанша деймін да о да, өз өмірі ғой. Бірақ осы уақытта сан түрлі ойлар миыңды шарпиды. Осындай да тек жақсы ойларды қалдырып, негатив, жаман ойларды қоқысжәшікке сала салыңыз. Осы сияқты өмірдің түрлі сәттерінде тек жақсы ойларды ғана санамызда қалдырайықшы. Ми деген қоқысжәшік емес қой.
835 views17:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-09 18:34:59 Сенбі күні "поэзия кешін" ұйымдастырып жіберсем деген ой кеп тұр
433 views15:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 20:54:42 Егер осы жеке телеграмм каналдарда авторды сыйлайтын оқырмандары болса, оқырмандарын сыйлайтын автор болса — ол канал мәңгі болады.
~Арманшыл қыздың Орхон Енисей жазбасынан көріп, өңдеп алған жазбасынан~
542 views17:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-05 20:07:11 "Бегін сыйлаған халқы болса, халқын сыйлаған бегі болса – ол ел мәңгі болады"

Орхон Енисей жазбаларынан
537 views17:07
Ашу / Түсініктеме