Get Mystery Box with random crypto!

'Қайсар' - 'Астана' матчының басталуына аз ғана уақыт қалды. О | QAZSPORTTV

"Қайсар" - "Астана" матчының басталуына аз ғана уақыт қалды. Оған дейін...

Екі команда бұған дейін 29 рет кездескен. Оның 3-де ғана "қасқырлар" жеңсе, 22-де "астаналықтар" басым түсті. Үш кездесу тең аяқталды.

Маусымды сәтсіз өткізіп жатқан қызылордалықтар үшін осы матч аса маңызды. Себебі, кестедегі "көршілер" өз матчтарын жеңіп кетсе, "Қайсардың" қуып жетуі қиындайды. 11 ойында 11 гол cоққан шабуылшыларды бүгін көрермендер шабыттандырмаса, бас бапкердің сөзі өтер емес. Керісінше, осындай азуыл қарсыласты жеңсе, "қасқарлардың" рухы оянар ма еді?

Ал, "Астана" шабысына шабыс қосып, ойын сайын үдеп келеді. Капитан Абзал Бейсебековтің жігерлі ойыны басқа ойыншыларға да жұққан секілді. Жеңіске жеткен мачттар саны бойынша өз рекордын өзі жаңартып, команда ойынын тапқандай. Бірақ, бұл ойында Абат Айымбетов пен бұрынғы "Қайсарлық" Тигран Барсегян командаға көмектесе алмайды. Дегенмен, Томасов, Бейсебековтер бұл ойында команданы жеңіске бастуы тиіс.

Сіз қалай ойлайсыз?