Get Mystery Box with random crypto!

Әрқашан жанкүйерлер асыға күтетін ойын! Бұған дейін қос ұжым | QAZSPORTTV

Әрқашан жанкүйерлер асыға күтетін ойын!

Бұған дейін қос ұжым жасыл алаңда 69 рет кездескен. Оның 31-де "Қайрат" жеңсе, 27-де "Ақтөбе" басым түскен. 11 ойын тең аяқталған. Доп айырмашылығы - 116:78.

"Қайратқа" бұл ойында ұпай жоғалтуына болмайды. Онсыз да өткен матчтарда қарсыластарына ұпай таратқан. Дәл осы матч Алексей Шпилевский үшін шешуші болғалы тұр. Егер осы жолы мүлт кетсе, онда командамен қош айтысуы мүмкін. Капитан Сүйімбаев жанкүйерлерге "барымызды саламыз" деп уәде етті. Жанкүйерлер де оған кәміл сенеді!

Ал, маусым басында Алексей Багамен келісім-шартқа отырған "Ақтөбеліктер" көп ұзамай оны қызметтен қуды. Қазір команданың тізгінін уақытша ресейлік маман Владимир Зеленовский ұстап отыр. Шабуылшы Игорь Сергеев өз бабында болса, онда бүгін үйлеріне ұпай алып қайтатын мүмкіндіктері бар.

Сондықтан драмаға толы тартысты ойынды "QAZSPORT" арнасынан жіберіп алмаңыз.

Ал, ойын туралы сіздің ойыңыз қандай?