Get Mystery Box with random crypto!

Қандай телеграм-каналдарға сенуге болмайды? Шыны керек қазір | Сөз:

Қандай телеграм-каналдарға сенуге болмайды?

Шыны керек қазір елдің бәрі Қазақстан бойынша “сарапшы” болып кетті. Елдегі ахуал мен ауыс-түйіс хақында, реформалар туралы “ойбай, мындай болады екен”, “сөйтейін деп жатыр екен” деп жарыса жазуда. Шынында, кімге сеніп, кімге сенбеу керек? Назарларыңызға сенімсіз каналдар хақында чек-лист ұсынамыз. ( САҚТАП АЛЫҢЫЗ! )

1. Сарапшы. Канал авторы осыған ұқсас тақырыптарда қашаннан бері жазып жүр? Сіз оқып отырған канал бұған дейін не жазды? Саржағал дүниені таратып жүріп, аяқастынан қазақтанушы немесе тарихшы болып кетті ме? Мұндай сарапшың құрысын! Бұл қатарға “барлығын білетін, барлығын көрген және барлығын оқығандарды” да қосыңыз.

2. Жазу тілі немесе лексикасы. Әкімді - мэр, ҰҚК-ні (КНБ) - ФСБ деп жазатындар Отандық канал емесі айтпаса да белгілі. Бұдан өзге де сөздерге назар аударыңыздар.

3. ””Құпиясы көп арна”. Каналдың редакцисы не авторы көрсетілмеген бе? Бұл деректерді таба алмадыңыз ба? Мұндай арналарды кез-келген адам басқарып отыруы ықиимал. Әдетте бұлар жасырын жазу арқылы жауаркершіліктен қашады. Ал медиа редакциясы немесе анонимді емес адамдардың өз аудиторисы алдында жауапкершілігі бар және олар не болса соны оттамауға тырысады. Шынында, аноним сарапшы - бар, бірақ бұл миллионнан біреу ғана және көп жағдайда оның не үшіг аноним екені де түсінікті болып келеді.

4. Сілтемелер. Посттардың сілтемемі жоқ па? Дереккөзі көрсетілмеген бе? Сілтемелер бар болса да тек каналдың посттарына өткізе ме? Ендеше, сізді тек алдаусыратып отыр. Бұл каналдан тездетіп қашып кеткен жөн.

5. Байланыс деректері. Канал админімен телеграм ішінде не басқа жақта байланысу мүмкіндігі бар ма? Контактілер көрсетілген бе? Жарнамаға арналған ғана деректер ме? Ойланарлық жайт.

Бұл тек базалық схема, бірақ, сіздің жазылған арналарыңызды сұрыптауға, жалған ақпаратқа алданбауға септігін тигізеді.

@birgeteksereik