Get Mystery Box with random crypto!

Oyan, Qazaqstan азаматтық декларациясы Біз бұған Қазақстанның | Сөз:

Oyan, Qazaqstan азаматтық декларациясы

Біз бұған Қазақстанның саяси жүйесін реформалау және репрессивті режимді ырықтандыру арқылы төмендегі принциптерге сүйене отырып жетеміз:

1. Біз, барлық Қазақстандықтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ барлық саяси қуғын-сүргіндерді тоқтатуды талап етеміз. Әр адам сөз бостандығына және өзінің жеке көзқарасын білдіруге, кез - келген ақпаратқа қол жеткізуге және оны таратуға, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды өткізуге және бірлесу бостандығына құқылы. Бұл үшін ешбір азамат қудаланбауы, тұтқындалмауы немесе сотталмауы керек.

2. Конституцияны қоса алғандағы азаматтардың құқығы мен бостандығын қазіргі таңда шектейтін барлық заңдар адам құқықтарының халықаралық стандарттарына, заң үстемдігі қағидасына сәйкестендірілуі тиіс.

3. Биліктің бөлінуі қағидасын ұстана отырып парламенттік республикаға өту қажет. Бұл ашық және теңгерімге ие жүйе құрудың айырылмас бөлігі. Қуатты парламент бір мандатты округтер арқылы халық атынан өкілеттік етеді және атқарушы билікті құрайды. Осыған орай, кең өкілетті президент институты жойылуы тиіс. Шамадан тыс күштің бір қолда шоғырлануы зорлық - зомбылық пен авторитаризмге алып келетіні анық.

4. Біз, жергілікті халықтың мүдделерін құрметтеуді қамтамасыз етуді талап етеміз. Бізге жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды жүйесі қажет. Мәслихаттар көпшілік жүйесі арқылы сайлануы тиіс және олардың өкілеттіктерін кеңейту керек. Барлық деңгейдегі әкімдер тікелей дауыс беру арқылы сайлануы тиіс.

5. Біз, бүкіл сайлау жүйесін реформалауды талап етеміз. Бұл жүйенің шынайы және әділ сайлау өткізу жөніндегі халықаралық стандарттарға және демократиялық қоғамдағы міндеттемелерге сәйкес болуы керек.

6. Біз, сот билігінің тәуелсіздігі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін сот жүйесін түгелдей реформалауды және президенттің судьяларды тағайындаудан бас тартуын талап етеміз. Қазылар алқасының классикалық үлгісін енгізу керек және Конституциялық соттың қалпына келтірілуі тиіс.

7. Полиция қоғам (бұқара) мен парламентке есеп беруі тиіс. Оның бар міндеті - заң мен тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес. Полиция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшін пайдаланылмауы керек.

8. Біз, мемлекетіміздің барлық институттары үшін тиімді басқару принциптерін енгізуді талап етеміз. Барлық билік органдарының қызметі ашық және қоғамға есеп беруі керек. Бұл - жемқорлықты жеңудің жалғыз жолы.

9. Саяси жүйені реформалау, биліктің барлық тармақтарына өкілеттіліктің теңдей бөлінуі және тәуелсіз бақылау жүйесін енгізу үшін мемлекеттің саяси құрылымының реформасы негізінде тәуелсіз комиссия құрылуы тиіс.

https://oyan.digital/posts/oyan-qazaqstan-azamattyq-deklaraciyasi/