Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев сол күйі митингілерде айтылған саяси талаптарға жауап б | Сөз:

Тоқаев сол күйі митингілерде айтылған саяси талаптарға жауап бермеді, мысалы, Жаңаөзенде жиналған жұрт әкімді халық сайлауы керек деп талап қойды.

Азаттықтың жазуынша, наразылардың сөзінен олардың аймақ, қала басшылығына көңілі толмайтыны аңғарылды.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін халық өзі сайлауы керек деді. Облыс, қала әкімдерін халық өзі сайлауы керек! Бізге ана Ақордадан келетін ақ қуыршақтар мен ақсаусақтар керек емес! Халықтың қамын ойлайтын, елім, жерім дейтін азамат керек. Халық осылай қиналып отырғанда бізден сайланды дейтін мәжіліс депутаттары қайда жүр? Ешқайсы келіп, халымызды сұраған жоқ. Керек емес ондай біреудің қуыршағы боп отырған депутат, мандатын тапсырып, кетсін. Сосын кеше жергілікті басшылар "газ бағасын шеше алмаймыз" деді. Ең көкейкесті мәселені шеше алмайтын басшының да бізге керегі жоқ! – деді Жоламан Сейілов есімді жергілікті тұрғын Азаттық радиосына. Жиналып тұрған көпшілік "дұрыс айтады, халық өзі сайласын басшысын" деп оған қолдау білдірді.