Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Мешкей зат есім / сын есім Тойымсыз, обыр, қомағай, оңаз | Сөз:

Сөз: Мешкей
зат есім / сын есім

Тойымсыз, обыр, қомағай, оңаза
-
Обжора, чревоугодник

Сияз деген мол шығын. Ол, көп елдiң қалың даугерлерi келiп орнайды деген сөз. Осы елдiң жуан, семiз мешкей билерi, күндiз – түстiк, кешке – қонақ асы жеп, асықпастан ай жатады деген сөз.
М.Әуезов, Абай жолы: 1 том

Өзінше мешкей атақ ілініпті,
Бұл мінез жұртқа тегіс білініпті.
Күніне екі-үш мезгіл ет жейтін боп,
Өткізген енді солай тірлікті.
М.Дулатов, «Алаш» партиясына қосылмаған ақынға

Астаулап тегенелеп, қазан-қазаннан буын бұрқыратып түсірген етті талтаңдасып, дедектеп бір жерге жинай бастады. Ақсақалдар, мешкейлер пышақтарын суырды.
Ж.Аймауытов, Қартқожа

Жер қайтып сен, қойның толы өліктерден арылдың?
Маскүнемдер әлегінен, әлегінен жуан-жуан, мешкей, семіз қарынның?
Қоңырсыған қою етті қайда құрттың, нағылдың?
М.Мақатаев, Осы бір шірінді — құнар

Дереккөз 1; Дереккөз 2