Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады | Саяси Шолу

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады

«Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», деді президент.

Алайда президент тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекеттенді деп айыпталғандарға рақымшылық жасалмайтынын қосты.