Get Mystery Box with random crypto!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс президент сай | Саяси Шолу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

…Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады».