Get Mystery Box with random crypto!

“Екінші болма” кітабында мына дерек айтылған: “Дүниежүзіндегі | Bilim_corporation ЕНТ/2023/2024

“Екінші болма” кітабында мына дерек айтылған:
“Дүниежүзіндегі адамдардың 2%-ы ғана ойлана алады, ал 3%-ы “ойлана аламын” деп ойлайды екен, қалған 95%-ы мүлдем ойланбайды”.
Ал сен ше? Ойланасың ба?

Кез келген проблемаға жолықсаң,
“5 не үшін” техникасын қолданып көр. Бұл әдісті ойлап тапқан “Тойота” компаниясының негізін қалаушы Сакити Тойодо.

5 рет “не үшін?” екенін жазасың. Бесіншісі сен байқамаған нәрсені сыртқа шығарады.

Бір мысал беріп көрейін:
ҰБТ-дан қорқам.

1. НЕ ҮШІН ҰБТ-дан қорқамын?
- Өйткені грантқа түсе алмаудан қорқамын.

2. НЕ ҮШІН грантқа түспеуден қорқамын?
- Өйткені ата-анам ренжиді

3. НЕ ҮШІН ата-анам ренжиді?
- Өйткені үмітін ақтай алмайм деп ойлайм

4. НЕ ҮШІН үмітін ақтай алмайм деп ойлайм?
- Өйткені пробныйдан аз алып жүрмін

5. НЕ ҮШІН пробныйдан аз алып жүрмін?
- Өйткені мен жүйелі дайындықты бастамадым

Міне, ҰБТ-дан қорқуыма ата-ана да, үміт те, реніш те негізгі себеп емес екен. Себеп - өзімде:

Менің өзіме сенетіндей дайындықты әлі бастамауым.
Түнде кеш жатып, таңертең ерте тұра алмауым.
Дайындаққа енуге қиналып, сериал мен фильмге оңай ене алуым.

Осы секілді әркім өз жағдайына қарай анықтаса болады