Get Mystery Box with random crypto!

ПЕРВАШ❤️

Telegram арнасының логотипі pervashkz — ПЕРВАШ❤️ П
Telegram арнасының логотипі pervashkz — ПЕРВАШ❤️
Арна мекенжайы: @pervashkz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.17K
Арнадан сипаттама

Первый канал для ПЕРВАШей🔥

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-11 06:36:24 18 жасар абитурент университетке барады

Енді дәл 18 емес, 16,17,18,19 шамасындағы абитуренттер жалпы. Өзімше “6 жасар Алпамыс мектепке барады” дегенге келістіргім келгені ғой…

Бірінші курс студенттеріне ең алғашқыда қажетті заттарды айтпақшымыз. Себебі бұл детальды көбі ұмытып кетіп, кейін түүүууу қарапайым нәрсе ғой деп қалады.

Ол қандай заттар екен?

KASPI карточка және программасы
Каспи қазір ееең танымал банк карточкасы және бағдарламасы да қолдануға өте ыңғайлы. Сондықтан қазірден бастап аштыртып алғаныңыз дұрыс. Ертең оқуға кететін уақытты күтіп жүргенде адамдар өте көп болып, кезекте тұрып қаласыз. (Өзімнің басымнан өткен, пойызға мініп кетуге 1 күн қалғанда 3 күн жүріп әзер алғам)

2GIS
Жаңа қалада адаспас үшін өте қажет программа. Оны да жазып алыңыз. Әбден адасатын жерге адасып болғаннан кейін барып еске түсетін әдеті бар…

Билет алу
Білеміз оқуға тапсырудың өзі бүгін басталды. Бірақ сонда да басқа қалаға оқуға түсуді жоспарлап отырсаңыз, тамыз айының ортасына қарай пойызға, ұшаққа, автобусқа билет алып алыңыз. Қазірдің өзінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына пойызға билет жоқ, ал ұшақ тақалғанда алсаңыз тым қымбаттап кетеді. Сондықтан алдын-ала алып алғаныңыз жөн. Нағыз түспесеңіз, билетті қайтаруға немесе оқуға түскен бірақ билет таппай жүрген адаммен алмастыруыңызға болады.

Құжаттар
Әрине жатақханаға жату үшін де құжаттар керек. Өткен 086, 075-теріңіздің копиясын, сканерін жоғалтпаңыз, тіпті бірнешеуін шығарып алыңыз. Сұраған кезде тапсырып тастаған жеріңізге қайта барып, тауып беруін өтініп шығартып немесе кері өтіп жүрмейсіз.

Бұл оқу оффлайн болса, аса қажетті аспекттер. Осыны көп адам дер кезінде есіне алмай, тақалғанда қиналып кетеді. Онымен қоса, универдегілер жалғыз сізді күтіп, жағдайыңызды жасап бермейді. Сіз сияқты оқуға тапсырып түсіп жатқандар толып тұр, мыңдаған адам. Сондықтан пысықтанып, әр нәрсенің алдын ойлап, мұқият болыңыз.

https://t.me/pervashkz
2.6K views. ., 03:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:50:57 ПЕРВАШ pinned « Қызыл диплом алғым келеді… Универге барған соң бәріміз де жақсы оқып, үздік болғымыз келеді. Бірінші курс “оқим, қызыл диплом алам, ата-анамның үмітін ақтаймын, мықты маман” боламын деген настроймен баратын уақыт қой. Мектепте қызыл аттестат, үздік аттестат…»
05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:50:38 Қызыл диплом алғым келеді…

Универге барған соң бәріміз де жақсы оқып, үздік болғымыз келеді. Бірінші курс “оқим, қызыл диплом алам, ата-анамның үмітін ақтаймын, мықты маман” боламын деген настроймен баратын уақыт қой.

Мектепте қызыл аттестат, үздік аттестат, алтын белгі алудың критерийін бәріміз білеміз, қарапайым нәрсе. Бәрін беске оқысаң болғаны.

Алайда университетте мүлдем басқа. Сондықтан, қызыл диплом алуға ниеттеніп отырған студенттерге арналған пост

Ол үшін алдымен университеттегі бағалау жүйесін қарастырайық.
“А” = “95-100” = “5+”
“А-“ = “90-94” = “5”
“В+” = “85-89” = “4+”
“В” = “80-84” = “4”
“В-“ = “70-79” = “4-“
“С” = “60-69” = “3”
“С-” = “50-59” = “3-“
(соңғы С бағасы кейбір университеттерде С+, С, С- болып та бөлінеді)

Енді GPA балл деген дүние болады. Ол әр универде әртүрлі. Көпшілігінде 4 баллдық GPA балл жүйесімен өлшенетін болғандықтан, сіздерге солмен есептеп көрсетейік.

GPA 4 - ең жоғарғы балл, ол тек “А” бағасын алғандарға беріледі, яғни жалпы семестрдегі бағаңыз 95-тен кем болмаса ғана беріледі.
GPA 3,76 - “А-“ немесе 90-94 балл алғандарға берілетін балл.
GPA 3,33 - “B+” немесе 85-89 балл
және дәл солай кете береді. Біз сіздерге барлық баллды тізбектеп жазу қажет емес деп ойладық, себебі қалған баллдар қызыл диплом алу мүмкіндігінен айырады.

Университетте жоғарыда қанша балл алсаңыз да бәрібір. Бастысы барлығын қосып, орташа балл шығарғанда жалпы GPA баллыңыз 3,5-тен кем болмауы қажет.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыс бағасы “А-“, яғни 90-нан кем болмауы қажет. Және мемлекеттік емтихандар мен практика бағасы 90-нан кем болмауы тиіс.

Сонда ғана сіздер қызыл диплом иесі атана аласыздар. Иә, мектептікінен әлдеқайда қиынырақ. Бірақ барған соң үйреніп кетесіздер. Сіздерге оны көрсету себебіміз, көп жерде бұл айтылмайды, кейбір мұғалімдер де бұл туралы білмейді. Ал сіз бейқам оқуыңызды оқып жүрген кезде өзіңіз байқамай қалып, қызыл диплом мүмкіндігіңізден айырылып қалмаңыз деген ниетпен жазып отырмыз.

t.me/pervashkz
2.6K views. ., 05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:46:37 ПЕРВАШ pinned « 2021-2022 оқу жылында студенттік жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі: 1. Өтініш (орналасу кезінде рәсімделеді). 2. Студенттік жатақханасына уақытша тұруы үшін келісім шарт - 2 дана (орналасу кезінде рәсімделеді). 3. Жеке куәлік / төлқұжат…»
07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:46:34 2021-2022 оқу жылында студенттік жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш (орналасу кезінде рәсімделеді).
2. Студенттік жатақханасына уақытша тұруы үшін келісім шарт - 2 дана (орналасу кезінде рәсімделеді).
3. Жеке куәлік / төлқұжат көшірмесі.
4. Төлемақы түбіртегі (кез келген банк) - 3 дана.
5. 3х4 фото -2 дана.
6. Консерватория медициналық пунктінен денсаулығы туралы анықтама
(Жатақханаға орналасу кезінде рәсімделеді).
7. Флюорография 2020 жылғы жарамды. (егер ФГ 2019 жылғы болса, өту керек).
8. Файл – 1дана.


https://t.me/pervashkz
2.5K views. ., 07:46
Ашу / Түсініктеме