Get Mystery Box with random crypto!

PARANOIA.KZ

Telegram арнасының логотипі paranoiakz — PARANOIA.KZ P
Telegram арнасының логотипі paranoiakz — PARANOIA.KZ
Арна мекенжайы: @paranoiakz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.40K
Арнадан сипаттама

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 38

2022-07-10 13:14:46
2.5K viewsAlash KZ, 10:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 11:16:12
Биыл құрбандық шалдыңыз ба?
Anonymous Poll
31%
Иә
60%
Жоқ
4%
Құрбандықты енді шаламыз
3%
Ешқашан құрбандық шалмаймын
2%
Басқа жауап (пікірге жаздым)
865 voters1.4K viewsAlash KZ, 08:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:35:55 Байден Сауд Арабиясына баратын болды. Миссия мұнай бойынша келісім, сол арқылы Ресейді тұқырту.
2.1K viewsAlash KZ, 06:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 08:20:28
Түнде Украина Луганск және Донецк облыстарында әскери қоймалар мен штабқа соққы жасады.
2.6K viewsAlash KZ, 05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 00:21:38
Қытайдың түнгі клубтары жапон премьері Абэнің өлімін тойлап жатыр.
276 viewsAlash KZ, 21:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 22:44:52 Сол кезде хабарласайық...

Киіктің 1980 жылдан бері қалай көбейіп, қалай азайғаны туралы мәліметтерді былтыр бір қарапайым маман берген еді. Жарияламай-ақ қоярсыз, өзіңіз көрсеңіз болар деген.

Мемлекеттік құпиясы жоқ қой, сіздер де көріңіздер. Мендегі таблицада әрбір жылы қалай өзгергені көрсетілген. Жұрттың басын қатырмайын деп негізгілерін ұсынып отырмын.

Қазақстанда киіктің Бетпақдала, Үстірт, Орал популяциясы (тұқымдасы) бар.

1980 жылы: Бетпақдала – 400 мың, Үстірт – 170 мың, Орал – 120 мың. Барлығы - 690 мың киік;

1984 жылы: Бетпақдала – 340 мың; Үстірт – 190 мың; Орал - 40 мың. Барлығы – 570 мың киік;

1991 ж: Бетпақдала – 357 мың; Үстірт - 232 мың, 236 мың. Барлығы - 825 мың киік;

1993 жылы: Бетпақдала – 510 мың, Үстірт – 216 мың; Орал – 250 мың. Барлығы – 976 мың;

2000 жылы: Бетпақдала – 15 мың, Үстірт – 116 мың; Орал - 17 500. Барлығы - 148 500 киік;

2003 жылы: Бетпақдала - 1 мың 800; Үстірт – 12 800; Орал - 6 мың 500. Барлығы: 21 мың 100 киік;

2014 жылы: Бетпақдала – 216 мың; Үстірт – 1700; Орал - 39 мың. Барлығы: 256 мың киік;

2019 жылы: Бестпақдала - 111 мың 500; Үстірт – 5 мың 900, Орал – 217 мың. Барлығы: 334 мың киік.

Қарасаңыз 1993 жылы ғана Қазақстанда үш популяциясын қосқанда киік саны 976 мыңға жеткен, ал 2003 жылы түрлі себеппен небәрі 21 мың қалған.

Қазір шу болып жатқан Орал популяциясынан 2003 жылы небәрі 6 мың ғана қалып, 2019 жылы 217 мыңға жеткен. Қалай көбейетінін байқадыңыз ба?

Биыл Орал популяциясы 700-800 мыңнан асқан сияқты, 1 миллионға жетті деген де болжам бар. Тек бір популяциясы ғана.

Осы 1 миллион киік қазақтың кең байтақ жерінде жүр деп ойлайсыз ба? Жоқ. Олар тек Батыс Қазақстан облысының үш ауданында ғана. Арасында шекараны майқандап, Ресейге барып жайылып келеді, бітті сонымен.

Мысалы, Алматы облысының Қарасай, Талғар, Іле ауданында, не болмаса Астана түбіндегі үш ауданда 1 миллион киік жүр деңіз, не болады? - Мылтығын алып жүгіріп шығатындар көп болады.

- Ойбай, латифундистер жерді алып қойып, жайылым қалмаған дейтіндер миллиондаған киік жайылым іздегенде мынау латифундистің жері екен, кірсек ұят болар деп тұрмайтынын ескеріп қойса екен. Қоршап, тоқ жүргізіп қойсаң да талқандап өтеді.

Орал популяциясын Үстіртке, Бетпаққа айдай салмай ма дейтіндер бар. Киік - айдасаң жүре беретін сиыр емес. Ат, мәшине түгілі "Байрактармен" де айдай алмайсың. Басқа жақты жерсінбейді.

Киікті атуды қолдаймын деп пәлеге қалғандықтан атпайық дейтіндерге қосылып, жақсы атты болғам. Сондықтан атпау керек деп санаймын.

Киіктің әрбір ешкісі екеу-үшеуден туады екен. бірінің лағын бірі емізіп жүре береді. Орал популяциясы Құдай қаласа дәл осы қарқынмен екі жылдан кейін екі миллионнан асады. Сөйтіп Оралдың үш ауданында не киік қалады, не халық қалады. Сол кезде хабарласайық.

Жазба авторы журналист Асылхан Мамашұлы
912 viewsAlash KZ, 19:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 21:18:52
Ресейдің бас мүфтиі және өзге имам Айт намазында саясатты айтып, “Ресейдің арнайы операциясы өте дұрыс, көршімізде паразиттер қаптап кетті” деп біраз геосаяси дәріс оқыпты. Бұл қызу талқыға айналды. Ресей өз саясатында барынша дін, тіл, ғылым және басқа сала өкілдерін қолдануда.
1.7K viewsAlash KZ, edited  18:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 21:07:43 Тик-ток маңызды деген соң, сол жақтан бір парақша ашып қойдым. Секіріп-билеп, қалжыңдай алмасақ та, қазақ тілінде пайдалы деген, қызықты деген ақпарат беруге тырысамын қолдан келгенше. Қызық болса, қолдап, жазыла салыңыз. Қызық болмаса, бұл жазбаны көрмегендей өте шықсаңыз болады. Рахмет

https://vm.tiktok.com/ZMNynrB4J/?k=1
1.8K viewsAlash KZ, edited  18:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 20:36:15
Ресей әскері Харьков бағытында артиллерия соққысына ұшыраған сәттен бір көрініс.
2.1K viewsAlash KZ, 17:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 20:06:00
Ресей сайттары Рыбакина жеңісі жайлы мынандай негізде жазып жатыр)
2.7K viewsAlash KZ, edited  17:06
Ашу / Түсініктеме