Get Mystery Box with random crypto!

عَنْ عُرْوَةَ أَنَّهُ سَأَلَ عَائِشَةَ عَنْهَا عَنْ قَوْلِهِ ت | Пайдалы жазбалар

عَنْ عُرْوَةَ أَنَّهُ سَأَلَ عَائِشَةَ عَنْهَا عَنْ قَوْلِهِ تَعَالَى ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلاَّ تُقْسِطُواْ فِي الْيَتَامَى فَانكِحُواْ مَا طَابَ لَكُم مِّنَ النِّسَاء مَثْنَى وَثُلاَثَ وَرُبَاعَ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلاَّ تَعْدِلُواْ فَوَاحِدَةً أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ذَلِكَ أَدْنَى أَلاَّ تَعُولُواْ﴾ قَالَتْ: «يَا بْنَ أُخْتِي، اليَتِيمَةُ تَكُونُ فِي حَجْرِ وَلِيِّهَا فَيَرْغَبُ فِي مَالِهَا وَجَمَالِهَا يُرِيدُ أَنْ يَتَزَوَّجَهَا بِأَدْنَى مِنْ سُنَّةِ صَدَاقِهَا فَنُهُوا أَنْ يُنْكِحُوهُنَّ إِلَّا أَنْ يُقْسِطُوا لَهُنَّ فَيُكْمِلُوا الصَّدَاقَ وَأُمِرُوا بِنِكَاحِ مَنْ سِوَاهُنَّ مِنَ النِّسَاءِ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ. Уруа (р.а.) «Егер жетімдерге әділдік ете алмауларыңнан қорықсаңдар өздеріңе жақсы көрінген әйелдерден екеуіне, үшеуіне, төртеуіне үйленіңдер. Ал, егер әділдік жасай алмаудан қорықсаңдар, біреуін немесе қол астыларыңдағы күңдеріңді алыңдар. Міне, сол әділетсіздік қылмауларыңа ең жақын» (Ниса, 3) деген аят туралы сұрағанда Айша анамыз (р.а.): «Уа, апайымның ұлы! Жетім қыз өзінің қамқоршысының қамқорлығында болады. Ол қамқоршысы оның малына (қалыңмалына), әдемілігіне қызығып оны ең төмен мәһрмен тұрмысқа беріп жібергісі келеді. Сондықтан да (осы аятта) оларға (мұсылмандарға) жетім қыздарға әділетсіздік жасап, мәһрлерін толық төлемей тұрмысқа беруге (немесе үйленуге) тыйым салынды. Ал, олардан басқа әйелдерге үйленуге бұйырылды», – дейді. عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ قَالَ قَالَ لِي بْنُ عَبَّاسٍ: هَلْ تَزَوَّجْتَ؟ قُلْتُ : لَا ، قَالَ: «فَتَزَوَّجْ فَإِنَّ خَيْرَ هَذِهِ الأُمَّةِ أَكْثَرُهَا نِسَاءً». رَوَاهُ البُخَارِيُّ. Сағид ибн Жубәйір былай деген: «Бірде Абдулла ибн Аббас менен: «Үйлендің бе?» – деп сұрады. Мен: «Жоқ», – деп жауап бердім. Сонда ол: «Үйлен! Расында осы үмбеттің ең қайырлылары – көп әйел алғандары», – .