Get Mystery Box with random crypto!

сесін ұстау деген...Сен тіпті өліміңе асыққан жігіт шығарсың, | 𖣘︎♡𝓞𝔃𝓰𝓮𝓼𝓱𝓮 𝓐𝓵𝓮𝓶♡𖣘︎

сесін ұстау деген...Сен тіпті өліміңе асыққан жігіт шығарсың, — деді дәлізде тұрған қыздар.
— Өзіңнің жігерің мол екен. Енді Джианға көз тігіп жүргендер көріңді қазып, көміп кетпесін, — деп сыныптастары мазақ етуде. Чонгук орнынан тұрып ала:
— Ол сондай жұмсақ болдыы, — деп алақанын сүйейін деп жатқанда есін жиып ала, — Сабақ басталды...

Алгебра сабағы өтіп жатыр. Сынып іші тіпті тыныш. Тақтада аузы көпіршіп, алгебра пәнінің мұғалімі сабақ өтіп жатыр. Кенет артқы есік ақырын ашылып, партасының алдында жатқан сөмкесінің ішіндегі ұялы телефонынан бір нәрсені көріп жатқан Чоённың басына дөңгеленген қағаз "тоқ" ете қалды. Чоён жан-жағына долдана қарап жатқанда, есік жақтан Юнги кіріп келді де:
— Кешіріңіз Ю ханым. Маған бір оқушыны жібере аласыз ба? Медпунктте таратылып жатқан қағазды алып кетсін.
Чоён түсінбей:
— Не істеп жүрсің? — Юнгиге сыбырлай. Юнги оған көзін қыса:
— Хван Чо Ёнды жібере салыңыз. Тез алып кетсін, — деп шығып бара жатқанда, сыныпта Чимин орнынан тұрып:
— Мен барайын мұғалім, — деп Юнгиге алара қарады. Алгебра пәнінің мұғалімі:
— Іиә-иә. Чоён барып келсін. Бәрі бір сабаққа қарап отырған жоқ. Ерігіп жүрген қыз әйтеуір. Чимин сен жақсылап тыңда, — деп көзілдірігін жоғары көтеріп қояды. Юнги дегеніне жеткендей Чиминге күле қарады да:
— Чоён түс алдыма.
Чоён сыныптан шығып ала:
— Рас айтып жатырсың ба? Медпункттегі не қағаз ол? — Юнгидің жанында жүгіріп келеді. Юнги бірден тоқтап қалды да байсалды түрде Чоённың қысқа белдемшесінің етегін саусағымен жоғары көтере:
— Мынауың не? Мен саған кеше не айттым?
— Не істеп жатырсың? — деп етегін түсіруде. Бірде...

2-бөлімнің соңы.

Келесі бөлім 870 подтан соң
Келесі бөлімде ыстық болады