Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент жалпы орта мектебін | Otyrar QAZ

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды. Білім ордасының басшысы аталған мектептің ағылшын тілі мұғалімінің сауықтыруға арналған 467 112 теңге жәрдемақысының 200 мың теңгесін қолма-қол пара ретінде алған. Аталған іс-әрекет ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігінде көрсетілген ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық құқықбұзушылық ретінде тіркелген. Іс сотқа қысқартылған тәртіппен түсіп, қаралған. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ, қамқорлығында кәмелетке толмаған екі баласы барын ескеріп, оған айыппұл жазасын тағайындауды сұранған. Айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты. Енді бұрынғы мектеп директоры мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды және 6 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді. Дегенмен сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.