Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ көшінің Түркияға қоныстанғанына биыл – 70 жыл. Осыған ор | «Otandastar Qory»

Қазақ көшінің Түркияға қоныстанғанына биыл – 70 жыл. Осыған орай Түркияның Стамбұл қаласында арнайы іс-шара өтті.

Салтанатты жиын Қазақстан және Түркияның әнұрандарымен және көш құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу және құран бағыштаумен басталды. Ғасырлар бойы Қытайды мекендеген қазақтар 1930 жылдардың аяғында сол кездегі биліктің қуғын-сүргініне байланысты қоныс аударуға мәжбүр болған еді. Талай қиындықты бастан кешкен олар Такламакан шөлі, Тибет Гималайы, Үндістан мен Пәкістанды мекендеді. Араб теңізі арқылы Иракқа, одан әрі Түркияға жетті. Түркияның Министрлер Кеңесінің 1952 жылғы 13 наурыздағы шешімімен қазақтар бауырлас түрік еліне қоныс аударды. Қандастарымыз айналысатын кәсібіне, қолөнеріне байланысты Ақсарай Сұлтанханы, Кайсеридің Яхьялы, Йешилхисар және Девели аудандарындағы Кония Исмил және Конья Эрегли Зенген ауылына, Маниса Салихлиге және Нигде Улукышла Алтай ауылына қоныстанды. Қытайдан бастапқыда көші-қонды бастаған қазақтардың ұзын саны 25 мыңға жуық болған. Алайда олардың тек 1 892 адамы ғана үлкен трагедияны бастан кешіріп, Түркияға жете алды. Олардың ішінде ата-анасынан айрылған балалар, баласынан айрылған ата-аналар бар еді. Бүгінде олар бір-біріне қамқор болып, өсіп-өніп Түркия мен Еуропада саны 35 мыңға ұласты.

Мақаланың толық нұсқасын “Turkystan.kz” сайтынан
https://turkystan.kz/article/189138-kazak-koshinin-turkiyaga-konystanganyna-70-zhyl/

сілтемесі арқылы оқи аласыздар.