Get Mystery Box with random crypto!

Коронавирус адамның бүкіл ағзасын зақымдайды Коронавирус адамн | МӘМС-ті зертте! Знайте ОСМС!

Коронавирус адамның бүкіл ағзасын зақымдайды
Коронавирус адамның бүкіл ағзасын зақымдайды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова айтты.
«Өкінішке орай, COVID-19 адамның бүкіл ағзасын зақымдайтын жүйелі ауру саналады. Оның ішінде жүйке жүйесіне де зақым келтіреді. Орталық жүйке жүйесіне қатысты шағым өте көп. Бұл - еске сақтау қабілетінің төмендеуі, бас ауруы, есту қабілетінің нашарлауы. Бүгін ғана қабылдауымызда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаннан кейін есту қабілеті тым төмендеп кеткен пациент болды. Оның үстіне аурудың өткір фазасының өткеніне 3 ай уақыт өтіпті. Қазіргі уақытта COVID кесірінен қант диабеті пайда болған 4 пацентті бақылауымызға алып отырмыз» деді ол.
Сонымен қатар ол коронавирусты бастан кешірген тағы бір пациенттің өткір холециститтен хирургиялық стационарға түскенін айтады.
«Жедел араласу мәселесі туындады. Алайда қабынуға қарсы жүргізілген ем-дом түйілуді басатын дәріге қарағанда әлдеқайда жоғары әсерін берді» деді Махаббат Бекбосынова.