Get Mystery Box with random crypto!

Adjective or adverb? Bad or badly? Сын есім мен үстеуді | Русский и англиский язык 📚

Adjective or adverb?

Bad or badly?

Сын есім мен үстеуді жеке білгенмен, сөйлемде орнын коюда шатасып жатамыз

She is angry
She shouted angrily

Сын есім мен үстеудің қызметі екі түрлі. "Angrily" сөзінің түбірі "angry" сөзі, бірақ неге -ly  жұрнағы жалғанып тұр?

Иə, бұл үстеу. Үстеудің ажыратудың оңай жолы соңына жалғанған -ly жұрнағы арқылы. Бірақ барлық үстеуге жалғана бермейді. Егер де , үстеу етістікті сипаттап, "қалай?" Деген сұраққа жауап беретін үстеуді қою керек болғанда ,соңына -ly жұрнағы жалғанады. Яғни түбірі сын есімнен болады.

Жоғары да келтірілген мысалды талдайық.
She shouted angrily. - Ол ашуланып айқайлады. Сұрақ қойсақ, Қалай айқайлады? Дейміз.
Ашулы деген сөздің өзі сын есім, аудармасы "angry". Ал одан үстеу жасап едік, соңына -ly жұрнағы жалғанды. " қалай?" Деген сұраққа жауап беретін үстеуге айналды.

Үстеудің түрлері көп. Adverbs of manner, time, place, frequency.
Осылардың ішіндегі біз айтып отқаны, Adverbs of manner. Етістікті сипаттайтын түрі. Жəне ол əрқашан етістіктен кейін жүреді. Сөйлемнің соңында болады.

Ал сын есім бастауышты сипаттайды, "қандай?" Сұрағына жауап береді.
She is angry.- Ол ашулы . Ол қандай? Ол ашулы.

Көріп тұрғаныңыздай, ешқандай етістік жоқ сөйлемде. Тек зат есімді сипаттап тұр.