Get Mystery Box with random crypto!

Сəлем, сəлем достар Қандай тапсырма деп жатырсызба Бұл жай | Русский и англиский язык 📚

Сəлем, сəлем достар

Қандай тапсырма деп жатырсызба Бұл жай ғана сіздерге берілген мысалғой

Қазақ тілінде "істеу" мен "жасау" сөзінің айырмашылығы білінбейді. Және екі сөзді бір бірінің орнына алмастырып айта аламыз. Ағылшын тілінде де "do'' , ''make'' етістіктерін алмастырып айтуға болады. Бірақ, кейде екеуі де қырсығып қалады. Бір қырсыққаны соншалық, соңына дейін кейбір сөздермен қосылып ажырамайды. Ақырында, екі етістіктің мағынасы да бір бірінен алшақтап, екі түрлі жағдайда қолданылатын болады.

Алдымен, арасындағы айырмашылықты қарастырып алайық.

''make" етістігі, бұрын болмаған істің басынан соңына дейін жасалынғанын білдіреді. Оның қалай, неден жасалынғаны да көрсетіледі.

''do'' етістігі кішкене жалқау. Басынан бастап жасағанды көп ұнатпайды. Әдеттегі біз білетін істерді орындағанды білдіреді. Яғни, біз білмейтін нәрсені бастан аяқ жасап шығару деген ұғыммен дос емес.


Мысалы: I do my homework - Мен үй тапсырмасын орындаймын.

Look, I've made a cake. - Қара, мен пирог пісірдім немесе істедім.

Сөйлем Present Perfect шағында тұр. make тің 3-ші формасы қолданылып тұр.

Яғни, пирогты басынан бастап соңына дейін, өзі жасады. Осыған дейін үйде болмаған пирогты жасап шығарды.


Екі етістіктің өзіне тән сөз тіркестері бар. Бірақ, оның барлығында жасау, істеу деген тура мағынада жүре бермейді және сөзбе сөз олай аударылмайды.


"Do"

do homework - Үй тапсырмасын орындау

do a subject - Қандай да бір мектептегі пәнді игеру, үйрену

do a course - курстан өту

do the shopping - шоппинг жасау

do a job - жұмыс жасау

do a service- қызмет көрсету

do business - бизнеспен айналысу

do the dishes - ыдыс жуу



"Make"

make a mistake - қате жасап қою

make a meal - тамақ дайындау, жасау

make money - ақша табу

make friends - достар табу

make a noise - шулау

make a call - қоңырау шалу

make a change - өзгеру

make a choice - таңдау жасау

make a desicion - шешім қабылдау

make a plan - жоспар құру

make your way - өз жолыңды құру немесе жасау

Бұл тек көп кездесетін сөз тіркестері ғана. Және олар тұрақты, әркез осы етістіктермен қолданылады.