Get Mystery Box with random crypto!

​​ Шәууал - Ислам күнтізбесіндегі оныншы ай. Негізі шәууал сө | Ораза дәрістері

​​ Шәууал - Ислам күнтізбесіндегі оныншы ай. Негізі шәууал сөзі шин, уау және ләм деген үш түрлі түбір әріптерден құралған, сөзбе-сөз көтерілу, көтеру, жоғарылау деген мағынаны білдіреді. Сөздің лингвистикалық тұрғыдағы мағынасы - түйенің құйрығын көтеру дегенге саяды. Аңға шыққан арабтар ат не түйені көлік есебінде пайдаланған, осыдан шығып бұл шәууал аталып кеткен, яғни түйелер (саяхаттап) жолға шығатын ай деген сөз.

Айдың атауына байланысты және бір пікір мынадай: жылдың дәл осы мезгілінде еркек түйелер үздіксіз құйрықтарын (бұлғандатып) көтеріп, ұрғашы түйелерді (яғни, аруаналарды) қашыратын болған. Сондықтан арабтар бұл айды Шәууал атаған.

«Кәнз әл-уммәл» еңбегіндегі риуаятқа сәйкес, Ибн Омардың (Алла оларға разы болсын) былай дегендігі келеді:

«Рамазан айының Рамазан аталуының себебі – бұл (айда) күнәлардың жоқ болып, жойылуынан. Ал Шәууал айында түйелердің құйрықтарын көтергеніндей күнәлар да көтерілетіндіктен, айдың атауы да осылай аталды». (Кәнз әл-уммәл 8/588).

Жазба ұнаса лүпіл басып, жақындарыңызға таратыңыздар.

Дайындаған: @mihrab_kz