Get Mystery Box with random crypto!

​​ РАМАЗАНДА БОЛАТ СИЯҚТЫ БОЛМА! ⠀ Болаттың биыл ораза ұстап | Ораза дәрістері

​​ РАМАЗАНДА БОЛАТ СИЯҚТЫ БОЛМА!

Болаттың биыл ораза ұстап жатқанына 6-жыл. Рамазан жайлы ешқандай кітап, мақала оқымайды.
Болат “Ораза ұстап жүргеніме 6 жыл болды ғой, бәрін білемін”, - деп ойлап, алдын-ала дайындалмаған.

Рамазан кірді. Таңға дейін ұйықтамай ауыз бекітуді күтіп, сәресін ішіп алды. Сәресін күндіз ештеңе жемеймін, аш қаламын деп қорқып, қарны жарылғанша жеді. Одан соң таң намазын оқып, ұйқыға кетті. Болат ұйқыдан 14:00-де тұрып, телефонын іздеді. Телефонын шұқылап жатып сағаттың 15:00 болғанын байқамай қалды.

Денесі ауырып, төсегінен әзер дегенде тұрып, екі көзін уқалап душқа барды. Душтан шығып телефонына қараса бесін намазы шығайын деп жатыр екен. Асығыс-үсігіс парыз намазын оқып алды.

Артынан "дәрет бар кезде екінті намазын оқып алайын" деген жақсы ойға келді. Екінтіні оқып, сағатқа қараса ауызашарға екі сағаттай уақыт бар екен. Болат ауызашарға дейін уақытты өлтірейін деп, интернеттен 2 сағат болатын кино іздей бастады. 2 сағат кино көріп болысымен ауыз ашатын уақыт та кірді. Жүгіріп барып ауызын ашты.

"Су және құрмамен ашып, одаң соң ақшам намазын оқып, кейін тамақ ішу сүннет" екенін білсе де олай істемей, дастархандағы тамақтарды аузына тыққылай бастады.

”Тамақты асықпай же, балам!”, - деген анасының сөзіне “Қойшы, мам! Күні бойы аш болдым, мен оразамын“, - деп қабақ шытты. Бірақ ораза ұстаған адам сабырлы болу керек екенін Болат жақсы біледі, тек амал етпейді. Қарнын тойғызып болып, ақшам намазын әзер оқыды. Құптан намазы кірді. Құптан намазын оқып алды.

”Эхх, егер карантин болмағанда мешітке барып тарауық намазын оқитын едім. Үйде оқиын десем аз сүре білемін. Бір жағынан жалғыз оқыған біртүрлі екен тарауықты” деген сылтаумен оқымады. Сөйтіп "ең жақын досы" телефонды ұстап, әр түрлі видеоларды қарап, инстаграмды шұқылап қалай сәресі жақындап қалғанын байқамай қалды...

Болаттың проблемасы - біздің проблема. Қалай шешеміз?

@oraza_kz