Get Mystery Box with random crypto!

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

Telegram арнасының логотипі oqu_agartu — QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК Q
Telegram арнасының логотипі oqu_agartu — QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Арна мекенжайы: @oqu_agartu
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 38.87K
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2023-06-08 10:45:41 ​​ ПАТРОНАТ ТӘРБИЕШІЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен биылғы маусым айынан бастап патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы артты. Бұрын олардың қызметтеріне төленетін ақы 60 мың теңге болса, енді әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде ол 35 айлық есептік көрсеткішке артты, яғни 120 мың теңге шамасында алады.

Комитет төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық құрылымы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы мөлшерін арттыру бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


«Біздің ойымызша, патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны арттыру осы отбасыларда тәрбиеленетін балалардың өмір сүру деңгейін жақсартады», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Бүгінде елімізде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар: бала асырап алу, қорғаншылық (қамқоршылық), патронат және қабылдаушы отбасы.

Айта кетейік, интернат ұйымдарында 3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда балалар үйінің саны 2,5 есеге, ал ондағы тәрбиеленушілер саны 3 есе азайған. Бұған интернат ұйымдарын денституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті.

Бұл бағыттағы бастамаларды әрі қарай да тиімді жүзеге асыру үшін министрлік Патронаттық тәрбие туралы ережеге өзгерістер енгізіп, нәтижесінде патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны көбейту заңнама тұрғысында реттелді.
3.4K views07:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 08:10:10
5000 ОҚУШЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ



5000 УЧАЩИХСЯ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНЫЙ ОТДЫХ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ УЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ ЦЕНТРЕ «БАЛДАУРЕН»
2.1K viewsedited  05:10
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 07:14:25 ​​ 5000 УЧАЩИХСЯ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНЫЙ ОТДЫХ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ УЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ ЦЕНТРЕ «БАЛДАУРЕН»

В республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» открыли первую летнюю смену.
Главный центр, расположенный в Бурабае, и филиалы в городах Балхаш, Конаев, Туркестан в эту смену бесплатно принимают около 1000 учащихся по государственной квоте.

Смена – называется «Baldauren ART – START».
Помимо оздоровительных мероприятий дети занимаются творчеством. Учатся рисовать, фотографировать, и делать видеомонтаж в зависимости от своих интересов. Дети посещают различные кружки по интересам. Также организованы спортивные игры, тематические праздничные вечера, конкурсы, экскурсии. Кроме того, дети обеспечены круглосуточным медицинским обслуживанием.

В летний период запланировано проведение 5 тематических смен. Дети могут участвовать в сменах, соответствующих их интересам, в соответствии с тематикой смены.
3.7K viewsedited  04:14
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 07:12:35 ​​ 5000 ОҚУШЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды. Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл аусымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды.

Ауысым - «Baldauren ART – START» деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.
3.8K views04:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-07 15:25:48
БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ



ЗА СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ РЕБЕНКА НАГРАЖДЕН ШКОЛЬНИК ИЗ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
3.0K views12:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 11:41:25 ​​ ВИРТУАЛЬНАЯ РЕАЛЬНОСТЬ: ШКОЛЬНИК ИЗ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ НАШЕЛ НОВЫЕ ПОДХОДЫ В ИЗУЧЕНИИ СОЛНЕЧНОЙ СИСТЕМЫ

Ученик средней общеобразовательной школы №13 города Экибастуза Александр Каминский разработал интерактивную лабораторию для изучения планет солнечной системы с использованием VR технологий.

По словам школьника, проект включает в себя интерактивные игры, основанные на образовательных темах. Они позволяют учиться и углублять знания в интерактивной и увлекательной форме.

«Игра, основанная на разгадывании загадок о планетах Солнечной системы, стимулирует интерес и любопытство учащихся, а также помогает им запомнить и усвоить информацию о различных планетах. В такой форме обучения есть возможность запомнить и понимать сложные концепции. Проект может быть использован в образовательных учреждениях, включая школы, как дополнительный ресурс для изучения планет и Солнечной системы. Он может стать интересным дополнением к урокам астрономии или использоваться во внеурочных мероприятиях», - поделился Александр Каминский.

Уникальность проекта, как отметил юный разработчик, заключается в предоставлении пользователям практической возможности для изучения информации о планетах Солнечной системы и их особенностях. Вместо простого чтения или слушания фактов, игра позволяет пользователям активно участвовать в процессе обучения и взаимодействовать с материалом.

«VR технология находится в стадии активного развития и её потенциал впечатляет. Виртуальная реальность меняет способ, которым мы взаимодействуем с компьютерными системами и предлагает совершенно новый уровень визуального воздействия на наши чувства. Она открывает двери для новых возможностей в развлечениях, образовании, тренировках и других областях», - рассказывает школьник.

Стоит отметить, что в будущем Александр планирует продолжить осваивать IT-технологии.
359 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 11:38:34 ​​ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ КҮН ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ

Екібастұз қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Александр Каминский VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана әзірледі.

Оқушының айтуынша, жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады. Ол тақырыпқа қызығушылықты арттырып, терең іздене түсуге мүмкіндік береді.

«Ойын күн жүйесінің планеталары туралы жұмбақтарды шешуге негізделген. Ойын арқылы түрлі планеталар туралы ақпаратты жаттап алуға болады. Оқытудың бұл әдісі күрделі ұғымдарды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жобаны білім беру ұйымдарында, оның ішінде мектептерде планеталар мен күн жүйесін зерттеудің қосымша ресурсы ретінде пайдалануға болады. Оны астрономия сабақтарына қызықты қосымша ретінде немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға болады», - дейді Александр Каминский.

Жобаның ерекшелігі, пайдаланушыларға Күн жүйесінің планеталары және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты зерттеуге практикалық мүмкіндік бер.Тақырыпты оқу немесе фактілерді тыңдаудан гөрі, ойын оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

«VR технология қарқынды дамып келеді, оның тиімділігі де жоғары. Ол компьютерлік жүйелермен өзара қабыса отырып, біздің ойлау, қабылдау сезімдерімізге визуалды түрде әсер ете алады. Яғни, білім беру, жаттығу мен түрлі сауық сайранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді өнертапқыш оқушы.

Айта кету керек, Александрдың болашақтағы жоспар IT-технологияны игеру.
360 views08:38
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 07:47:14
Более 100 тысяч учебно-тренировочных мероприятий по обеспечению безопасности детей проведут в летнее время. Об этом рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства РК.

Мониторинговыми группами с представителями ответственных госорганов проведены следующие мероприятия:

• проверена готовность объектов отдыха;

• усилен санитарный надзор;

• проведены профилактические мероприятия по соблюдению пожарной безопасности в местах отдыха;

• для обеспечения единых подходов при организации безопасного летнего отдыха с участием госорганов и общественных организаций прошло специальное семинар-совещание;

• Министерством просвещения совместно с Министерством по чрезвычайным ситуациям разработаны единые подходы к обеспечению пожарной и водной безопасности детей.
535 views04:47
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 07:44:56
Жаз мезгілінде балаларға арналған олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Мемлекеттік органдар өкілдері мен мониторингтік топтар келесі іс-шараларды жүргізді:

• демалыс объектілерінің дайындығы тексерілді;

• санитарлық қадағалау күшейтілді;

• демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шаралары жүргізілді;

• жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірыңғай, қауіпсіз тәсілдерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды;

• Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.
516 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2023-06-06 06:05:03
В стране действует
государственных образовательных накопительных сбережений «AQYL».

Целевое назначение вклада — накопить на оплату обучения.
Минимальный первоначальный взнос — 3 МРП.
Срок накопления от 3-х до 20 лет.

Для открытия образовательного депозита AQYL необходимо всего два документа:
• Удостоверение личности одного из родителей.
• Свидетельство о рождении и ИИН ребенка.

При получении гранта вкладчик имеет право:
1. снять накопления с депозита;
2. перевести деньги на имя другого ребенка;
3. накапливать далее для получения других уровней образования.

С подробной информацией можете ознакомиться на странице @fincenter.kz или по бесплатной горячей линии 8-800-080-28-28.
81 viewsedited  03:05
Ашу / Түсініктеме