Get Mystery Box with random crypto!

Еуразия бірінші арнасы

Telegram арнасының логотипі onetvkz — Еуразия бірінші арнасы Е
Telegram арнасының логотипі onetvkz — Еуразия бірінші арнасы
Арна мекенжайы: @onetvkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 363
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-04-20 12:23:42

217 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 12:23:31

209 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-04-19 12:56:17
Жүк көлігін жүргізушісімен қоса жер жұтты. Ауыр техника тізгіндеген адам кабинада отырған күйі шұңқырға батып кетті. Құтқарушылар келіп, бульдозермен сүйресе де, неге шығара алмаған?

Маңғыстаудан медицина кетіп жатыр. 66 миллионға салынған үш бірдей медпункт жабылып қалды. Ауылдарға ауруханалар жетпей жатқанда, жүз шақты түтіні бар Жармадағы жұртқа жәрдем болар жерлерді кім жапты?

18:30-да «Басты жаңалықтарда»!
220 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 12:13:47
Жүректі тербейтін, дертіңді емдейтін махаббат жайлы мәңгі талқылауға болады! Бақытқа бөлейтін махаббат әндері! Махаббат таусылмайтын әңгіме! Жүректер жырға, жанарлар нұрға бөленген көңілді кеш!
Бүгін 18:35-те «Еуразия» бірінші арнасында «Кеш жарық, Қазақстан»!
222 views09:13
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 08:40:45
БАЛА АСЫРАУҒА ДА АҚША КЕРЕК ПЕ?
Бала асырап алудың өзін бизнеске айналдырып алғандар бар. Көк қағаз болса, көп мәселе шешіледі дейді.

БҮГІНГІ АСАН МЕН ҮСЕНДЕР КЕДЕЙЛЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ
Пандемия басталғалы жыл ішінде Қазақстанда кедейлер саны 20 пайызға артқан.

ЖАЗУШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ПЕ, ЕРМЕК ПЕ?
Кітаптың да кітабы бар, мазмұны бір бөлек. Бүгінде жастар мен жұлдыздардың дені кітап жазатын болған. Бұл еріккенің ермегіне айналған жоқ па?

18:00-де "Басты бағдарламада"!
212 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 11:06:36
Қайрат Әділгерейдің өміріндегі ең үлкен өкініші. Бала күнді еске салатын қарақұмық. Оқыс оқиға актерлік мансапқа кедергісін келтірді ме? Әртістің талайды таңғалдырған биі!
Бүгін 18:35-те «Ең алғашқы» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!
211 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 13:07:51
Алик Шпекбаев қызметінен кетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бас күрескер несімен есте қалды? Жоғарыдағы басқа да ауыс-түйістерге не себеп?

Әкімдер сайлауына ақша бөлінді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне өту ауылға демократияны әкеле ме? Дауыс беруін береміз ғой, бірақ әкім жұмысын атқара алмаса, алып тастауға құқымыз бар ма? Кандидатқа қойылатын талаптар қандай?

18:30-да «Басты жаңалықтарда»!
215 views10:07
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 09:38:11
Кездейсоқ кикілжің бе әлде басқа ма? Базардағы ақылы тұрақ бизнесін салық органы неге тексере алмайды?

Қартайғанда қос қария далада қалды. Шешесі мен туған қызы баспана үшін неге соттасып жүр?

Сотталған облыс әкімінің дауы жалғасын тапты! Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің ірі шенеунігі қандай айыппен сотталды?

Бүгін 19:00-де Еуразия бірінші арнасында «Заң сөйлесін»!
204 views06:38
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 12:57:24
Алты ай бұрын салынған асфальт ортасынан опырылып түсті. Президенттің сынынан соң шұрық-тесік жолдар жөнделіп, асфальттар тегістеліп жатыр ма? Көлікті бұзып, көңіл-күйді түсіретін еліміздегі көшелер қашан қалпына келтіріледі?

Бүгінгінің Қозы мен Баяндары кімдер? Ғашықтар күніне орай, көпке үлгі, көрген көзді тамсандыратын қазақ жұптарын көрсетеміз.

18:30-да «Басты жаңалықтарда»!
197 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 07:26:39
Құдаларыңыз таиландтық болса не дейсіз? Көршілеріңіз не дейді? Ал келініңіз ше? Қазаққа күйеу мен келін болған Оттоның 10 баласы. Және поляк жезденің жыры!

Жұма 13:00-де «Пендеміз ғой» бағдарламасында жұбайлар мен құдалар жыры!
189 views04:26
Ашу / Түсініктеме